Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2561 0 пікір 13 Маусым, 2011 сағат 08:00

Астанада танымал суретшілердің халықаралық көрмесі өтуде

Бүгін, 13 маусымда Астанада Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Шабыт» шығармашылық сарайында Қытайдың «Бейбітшілік үшін саяхат» атты көрмесі өз жұмысын бастады. Ол 15-інші маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет министрінің Баспасөз қызметінен.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Үкіметі басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі Дей Бинго мырза қатысты.

Көрме Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық Саммиті, Қытай Халық Республикасы төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға ресми сапары аясында өтуде.

Көрме «Әлемнің барлық бұрышына қытайдың әлемге танымал суретшілерінің бейбіт саяхаты» Комитетінің бастамасымен ұйымдастырылып, өткізілуде. Қазақстан тарапынан көрмені ұйымдастыруға ҚР Мәдениет министрлігі ықпал етуде.

Көрмеде Қытайдың белгілі 20-дан астам суретшілері мен Қытай еліне сыйға берілген Қазақстан суретшілерінің көркемсурет шығармалары көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Көрмеге Қытай елінің көркемсурет өнерінде елеулі орын алатын ірі тұлғалардың «гохуа», «гохуа» мен «майлы бояудағы сурет» стильдерін араластырып орындаған туындылары көрермен назарына ұсынылған.

Бұл стильдегі орындаушылар өз шығармаларын әртүрлі табиғи ландшафт пен пейзаж жанрын дамыта отырып кескіндейді. Мысалы, таулардың, құстардың, жануарлардың түрлері бойынша суретшілер бір бағытта  мамандандырылады. Бұл суреттердің басты элементі иероглиф болып табылады.

Көрмеде Қазақстанның белгілі қылқалам шеберлері Марат Тұқсаитов, Төлеуғазы Байғалиев, Қалиолла Ахметжанов, Владимир Проценко, Сембіғали Смағұлов, Ерлан Айтуаров шығармаларын тамашалауға да болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522