Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Саңлақ 7367 8 пікір 4 Мамыр, 2019 сағат 13:39

Президенттік сайлау және Головкин, Елеусінов, Ахмедовтардың жекпе-жегі

8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінде үш бірдей қазақстандық боксшы өнер көрсетеді.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасады. Оның қарсыласы канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10КО). Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған.

Өткен жылы 16 қыркүйек Лас-Вегаста мексикалық Сауль Альварестен (49-1-2, 34 КО) жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белдіктерінен айырылған (одан сәл бұрын, маусым айының басында Халықаралық бокс федерациясының (IBF) белдігін қайтарып берген болатын) отандасымыз араға тоғыз ай салып, кәсіпқой бокстағы 41-ші жекпе-жегін өткізгелі отыр.

Бұл қазақстандық боксшының DAZN платформасымен келісімшартқа отырғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі болғалы тұр.

Айта кетейік, GGG наурыз айының басында атақты DAZN компаниясымен келісімшарт жасасқан болатын. Головкин аталған ірі жобамен бірге алты кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Ақпарат құралдарында жазылуынша, Геннадий әр жекпе-жегі үшін сегіз санды көлемде гонорар алады.

Головкин — Роллс жекпе-жегінің андеркатында тағы екі боксшымыз - Әли Ахмедов пен Данияр Елеусінов шаршы алаңға шығады.

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Әли Ахмедовтың (14-0, 10КО) қарсыласы қазірше белгісіз. Бірақ 10 раундтық жекпе-жек өтеді деп жоспарланып отыр.

Ал әуесқой бокста толағай табысқа жетіп, Олимпида чемпионы (2016 жыл) атанған Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) кезекті кездесуін 25 мамырда Усик - Такама жекпе-жегінің андеркартында өткізуі керек болатын. Алайда өзара келісім негізінде кездесуді сәл кешіктіріп, Головкинмен бір күнде жұдырқтасуды жөн деп тауыпты. Данияр да 10 раундтық жекпе-жек өткізеді. Қарсыласының аты жақында аталады.

Баста айтқанымыздай, бокс кеші 8 маусым күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл біздің уақыт бойынша 9 маусым таңға тура келеді. Бәріміз білетіндей, бұл күні елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2063