Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
2112 0 пікір 18 Наурыз, 2019 сағат 18:10

Қоғамдық кеңестер билік пен халықтың арасын жалғайтын алтын көпір

Азаматтық қоғамның мүшелері қоғамдағы маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру үшін қоғамдық кеңес қызметіне жүгінеді. Қоғамдық кеңестер арқылы Қазақстанның кез-келген азаматы мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық негізде үн қоса алады. Яғни, мемлекеттік органдардың қандай да бір шешімдерді қабылдауына ықпал етеді. Демек, қоғамдық кеңестер Заң аясында ел өмірінде елеулі жұмыс атқарып келеді деуге толық негіз бар.

Ұлт жоспары – Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 99 нақты қадамын орындау мақсатында 2015 жылғы 2 қарашада Қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттілігін анықтайтын «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданғанын бәріміз білеміз. Дәл осы осы қоғамдық кеңестердің қызметінің арқасында халық арасында қордаланған көп мәселе өз шешімін тапқаны шындық.

Азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру бәрінен маңызды. Сол үшін мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамытып, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде қоғамдық кеңестің рөлі зор.

Ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізуші механизмнің рөлін атқарады. Жоғарыда аталған Заңға сәйкес қоғамдық кеңестер республикалық және жергілікті деңгейде құрылады. Осыған байланысты 2016 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанынан да Әділет органдары қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңес құрылды.

Осы міндеттерді атқару мақсатында өткен жылы Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес нотариустар мен адвокаттардың іс-әрекетіне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастыру бойынша талдауды, бағдарламалық қамтамасыз етушілерге құқықтарды қорғау мәселелерін, мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі бойынша Әділет министрлігінің талдауын, Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың нәтижесін және т.б. талқылау бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Аса маңызды деп танылған мәселелерге тоқталатын болсам, ол Әділет министрінің Қоғамдық кеңес пен халық алдында есеп беруі. Тыңдағаннан кейін есеп қабылданды. Сонымен қатар азаматтардың және заңды тұлғалардың мүдделеріне тікелей қатысты көптеген мәселелер жан жақты талқыланды.

Қоғамдық кеңестер туралы заңына сәйкес Қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысады.

Бүгінгі таңда қоғамдық бақылау рөлінің күшеюіне орай Қоғамдық кеңес әділет органдары қызметінің көптеген бағыттарында саясатты қалыптастыруға толық құқықты қатысушы бола алады. Қоғамдық кеңестер бір жыл бұрын ғана құрылды, осыған байланысты өткен жыл олардың қалыптасу жылы болды.

Жақында Алматы қаласының мәслихаты 2019-2022 жылдарға арналған қоғамдық кеңестің жаңа құрамын бекітті. Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі – үш жыл. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны мүшелердің жалпы санының кемінде 2/3-ін құрауы тиіс. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша 2019-2022 жылдарға арналған Алматы Қоғамдық кеңесінің ІІ құрамы бекітілді. Алматы Қоғамдық кеңесі бұрынғы мүшелерінің 55%-і өз орындарын сақтап қалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2018