Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
2661 0 пікір 27 Наурыз, 2019 сағат 19:31

Тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бекітілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір жыл бұрын Президенттің бес әлеуметтік бастамасы деп аталатын үндеу жариялаған болатын. Ондағы баспана алу мен жұмысшылар жалақысын көтеру, білім алудың қолжетімділігін арттыру мен шағын несие беруді көбейту және елді газбен қамтамасыз ету сынды әр бастама халық тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Әсіресе, аталған бастамадағы тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру бойынша әр өңірде іргелі істер атқарылды. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  мәліметінше, 2018 жылы Қазақстанда 12,5 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл дегеніміз 113 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты деген сөз. Министрліктің сөзіне сенсек, былтыр тұрғын үйлерді пайдалануға беру республиканың барлық өңірінде артқан. Мәселен, Маңғыстауда – 1,4 есе, Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарында 1,2 еседен жоғары болған.

Биыл да Елбасының «7-20-25» бағдарламасы бойынша бірқатар  шаралар атқарылып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк Басқармасы мәлімдеді. Ұлттық банк мәліметінше, 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысы негізінде тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бекітілген.

Бағдарлама мемлекет басшының тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді. Және бірнеше талаптар бойынша ипотекалық тұрғын үй кредиттеуді көздейді. Яғни, жылдық сияқы мөлшерлеме - 7%, бастапқы жарна - 20%, қарыз мерзімі – 25 жылға дейін.

Бұл бағдарламаға негізінен қарызды кәсіпкерлік және (немесе) еңбек қызметінен табыс алатын, сондай-ақ меншік құқығында баспана иеленбейтін кез келген Қазақстан азаматы ала алады.

Ал, «7-20-25» бағдарламасының авторлары тұрғын үйдің құнын қалай анықтады?

Ипотекалық кредиттерді бекітудегі негізгі факторлар төлем қабілеттілігі мен тұрақты табысы болып табылады. Қазіргі уақытта банктік ұйымдар қосымша критерийлерді өңдейді. Критерийлерді одан әрі қатайту жоққа шығарылмайды. Бұл тұрғын үй сатып алуды қажет ететін адамдарға (табысы аз, тұрмысы нашар отбасылар, жас отбасылар және т.б.) азаматтар кепілдікке ие болуы үшін қажет. Үшінші пәтерді талап ететін табыс деңгейі жоғары азаматтар артықшылықты бағдарламаны пайдалана алмайды.

Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны:

-Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен олардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шекаралар шегіндегі қала маңы аймақтары, Ақтау, Атырау, Шымкент үшін 25 млн теңге

-Басқа өңірлер үшін – 15 млн теңге

Қарыздың ең жоғары сомасы:

-Кепілдік қамтамасыз ету құнының 80 %

Жеке тұлға Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

1.Банктің қалауы бойынша мына құжаттың біреуімен:

- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айдағы үзінді-көшірмесімен;

- жұмыс орнынан соңғы алты айдағы кірістері туралы анықтамамен;

- қарыз алушы-жеке тұлғаның соңғы салық кезеңі үшін жеке табыс салығы бойынша салық декларациясымен;

- банктің ішкі құжаттарына сәйкес ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау мүмкіндігінің болуын көрсететін өзге де құжаттармен расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;

1.Кредиттік бюроның кредиттік есебімен расталған бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары және өзге де ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешектің болмауы;

2.Келесіні қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында Құқықтық кадастр мәліметтерімен расталған меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы:

- әрбір отбасы мүшесіне пайдалы алаңы 15 шаршы метрден кем жатақханаларда бөлмелердің болуы;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған тұрғын үй.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2037