Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2300 0 пікір 14 Маусым, 2011 сағат 15:42

Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды

2011 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия, сыйлық иелерінің тізімін бекітті, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен 2011 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, сол отырыста жоғары марапатқа ұсынылған жұмыстар бойынша тақырыптық секциялардың ұсынымдары мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындылары қаралды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алуға үміткерлерді іріктеу біздің комиссияға ерекше жауапкершілікті жүктейді. Біз ұсынылған жұмыстарды бағалауда ерекше принципті болуға және Мемлекеттік сыйлық берілетін Жарлықта Президент Н.Назарбаев көрсеткен жоғары өлшемдерді басшылыққа алуға тиіспіз», - деген Саудабаевтыңлінген сөзін келтіріп отыр баспасөз қызметі.

«Бұл өлшемдердің анық және нақты екені белгілі. Мемлекеттік сыйлықтан үміткер әрбір жұмыс алдымен отандық ғылымда серпінді болып, өз саласында әлемдік баламалардан асып түсіп және елдің ғылыми-техникалық дамуына елеулі үлес қосуы тиіс. Сондықтан Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы мемлекеттік сыйлығы тек Отанның жоғары наградасы ғана емес, сондай-ақ еліміздің одан әрі ғылыми-техникалық ілгерілеуінің маңызды ынталандырушысы болуы тиіс. Біздің міндетіміз - Мемлекет басшысына ұсынылған жұмыстардың ішінен мемлекеттік сыйлықты беру үшін нағыз лайықты еңбекті ұсыну», - деп атап өтті Қ.Саудабаев.

АСТАНА, 14 июн - ИА Новости-Казахстан.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5533