Жолымбет Мәкішев. Сән мен тән
Біреулер осы күні қазақ қыздарын киіндіріп әлек болса, енді біреуі оларды шешіндіріп әлек.
Күнделікті жұмысқа келісімен бірден поштамды тексеретін әдетім бар. Спамнан тазалап, келген хаттарды оқып барып күнделікті жұмысқа кірісемін. Бүгінде сол әдетіммен поштама үңілсем http://www.kazashki.ru деген бір сайттан сілтеме келіпті. Бұл неғылған сайт деп ашып көрсем, масқара! Іші толған өңкей жалаңаш қыздардың суреттері. Басқа ұлт болса бірсәрі көбі кәдімгі қазақтың қаракөз қыздары. Меніңше, бұл қазақтың жаман атын шығару үшін біреулердің әдейі істеп отырған астыртын әрекеті сияқты. Өйткені поштасына хат жазсаң - жауап бермейді. Суреттерінің астына сайттың сілтемесін іліп қойған. Осылайша тып-тыныш отырып алып олар қазақ қыздарының жалаңаш суреттерін бүкіл жаһанға жариялап жатыр. Әртүрлі амалмен пошта арқылы порталды жарнамалап жүрген адаммен байланысқа шығуға қанша тырысқаныммен онымнан түк шықпады. Мұндағы қыздарды мүмкін біреулер танып қалар.. Егер бұларды сырттай білетіндер болса, онда өз абыройын ғана жалаңаштамай, Ұлтымызды ұяттан жерге қаратқан санасыз қыздарға дереу ескерту жасауы керек.. Сосын, арам пиғылдылардың кім екенін анықтау қажет. Интернет порталының жұмысын дереу тоқтатуға талпыныс жасайық. Әйтпесе, ертең мұндай сайттардың саны көбейіп, өзге елдер қазақты басқа қырынан тани бастайды...

Қазақ қыздарының қайсыбірі өзінше сән көріп хидажп пен нихаптың ішіне тығылып жатыр, енді бірі лыпасыз жалаңаш тәнін саудаға салып тыраңдап жүр. Қысқасы бұл қазақ қоғамында әйел азған бір заман болды.
«Абай-ақпарат»