Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1912 0 пікір 15 Маусым, 2011 сағат 04:46

Қырғызстан басшысы Астанаға келді

Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Қырғызстан Президентінің ұшағы Астана әуежайына елорда уақыты бойынша 14.10-да келіп қонды.

Ұшақтан түскен Р.Отынбаеваны ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қарсы алды. Сондай-ақ, президенттік делегацияны Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мен Қырғызстанның Қазақстандағы Елшісі қарсы алды.

Айта кетер жәйт, Астанадағы саммитте Ұйымды мүмкін болатын кеңейтуге қарай тағы бір қадам жасалады. Дегенмен, осыған дейін жасалған мәлімдемелерге сәйкес, жаңа мүшелердің қосылуын әзір күтуге ертерек.

Қазіргі уақытта ШЫҰ-на Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан кіріп отыр. ШЫҰ жанындағы бақылаушы елдер қатарына Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістан мемлекеттері кіреді.

Бүгін сонымен қатар Ресей, Өзбекстан мен Пәкістанның Президенттері келеді деп күтілуде.

Мерейтойлық саммитке қонақ ретінде Ауғанстан президенті Хамид Карзай мен Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов шақырылған.

pm.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5536