Арал қаласында инновациялық жоба негізінде тыңайтқыш өндіретін зауыт салынады
ҚЫЗЫЛОРДА. 17 маусым. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданында еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында органикалық тыңайытқыш өндіретін зауыт салынатын болады.
Жаңа өндіріс орны үшін 1 гектар жер бөлінді. Енді таяу күндері зауыттың іргетасын қалау рәсімі де өтеді. Зауыт іске қосылғаннан кейін ол 50 адамды жұмыспен қамтиды. Зауыт шығаратын өнім арқылы биогумус, қара топырақ, сұйық тыңайтқыш, балық жемі - технологиялық құрт көптің игілігіне айналады. Сол сияқты фермерлер мен жеке қожалықтар үшін органикалық тыңайтқыш ретінде қолданылатын вермикомпост сығындысынан алынған «Жасыл өріс» сұйық органикалық тыңайтқышы ұсынылады. Оны барлық топырақ түрлеріне және сан алуан дақылдарға тыңайтқыш қылып себуге болады. Ол тұқымның сапалылығын қалыптастырып, өнімін көбейтеді.
Зауыт жанынан сонымен бір мезгілде жылыжай құрылысы да қолға алынғалы тұр.