Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
2943 0 пікір 27 Наурыз, 2019 сағат 18:30

Шымкентте жыл басынан бері "7-20-25" бағдарламасы бойынша 287 өтініш түскен

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты халыққа Үндеуі қоғамық қолдауға ие болғаны белгілі. Бес бастаманың негізі – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, тұрғындарды баспанамен қамту. Әсіресе, әрбір отбасына баспана алуды қарастырған бірінші бастама жұмысы әр өңірде қарқынды орындалып жатыр.

Аталған бағдарламаға мемлекеттік қызметкерлер мүдделі екені рас. Олардың ішінде мұғалімдер мен дәрігерлер де бар. Бірақ, үй алуға көбінің табысы жетпей қалып жатады. Мәселен, Шымкентте жыл басынан бері “7-20-25” бағдарламасы бойынша 287 өтініш келіп түскен. Сол өтініштердің 130 ы ғана қанағаттандырылған көрінеді.

Айта кетеу керек, аталмыш бағдарламаға өңірдегі кез-келген ҚР азаматы қатыса алады. Ол үшін бар болғаны соңғы бес жыл ішінде жеке басыңызда мүлік болмауы маңызды. Және, өзіңіз тіркелген өңірде 3 жыл тұрақты мекен-жайыңыз болу керек. Сондай-ақ, ипотекалық қарызыңыздың болмауы да ескеріледі.

Аталған жобаның тағы бір ерекшелігі мұнда артық құжат жинаудың қажеті жоқ. Және, Қазақстанның өзіңіз таңдаған қаласынан тұрғын үйді таңдап, сол бойынша әрекет етсеңіз болғаны. Бүгінде Шымкент қаласында “7-20-25” бағдарламасы бойынша “Банк центр кредит”, “Цесна банк”, “Халық банк”, “Forte bank” сынды жалпы 8 банк қызмет жасайды. Мұнда ескеруге тиіс бір дүние – таңдаған үйіңіздің бағасы 25 млн.теңгеден аспау міндеттеледі. Яғни, сіз көрсетілген бағаға дейінгі кез-келген баспананы ала аласыз. Мәселен, Шымкент қаласында аталмыш бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлердің 1 шаршы метрі – 195 000 – 240 000 теңгені құрайды. Ал, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрі – 140 мың тг. Өткен жылы Шымкентте банк төлем қабілетін растаған 97 адам баспаналы болған. Ал, сол тұрғындардың басым көпшілігі үйлерін “Банк центр кредит” арқылы рәсімдеген көрінеді.

Тағы бір айта кетерлігі – банктегі кредиттік картаңыздың дұрыс болуы маңызды. Ал, бағдарламаға 21 жастан бастап ҚР барлық азаматы қатысады.

Бүгінде Шымкент шаһарында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың бастамасымен “Қамқор Баспана”, “Жас Арман” атты екі пилоттық жоба жүзеге асырылмақ. Оған қала әкімі мен “Баспана” Ипотекалық ұйымы” Акционерлік қоғамының төрағасы Қайрат Алтынбековтың 2018 жылы қойған өзара меморандумы негіз болған.

Меморандумға сәйкес, тұрғын үйдің 20%  алдын-ала төлемінің 50 % қайтарымды субсидия түрінде беріледі. Өйткені өңірдегі көптеген азаматтар алғашқы жарнасын төлеуге қабілетсіз көрінеді. Сөйтіп, бүгінде Шымкентте аталған бағдарлама бойынша көмектің Әлеуметтік және Бюджеттік деп аталатын түрлері қолданысқа енген. Нәтижесінде, бюджеттік субсидия дәрігер, мұғалім және құқық қорғау қызметкерлеріне 0,01 %  он бес жылға берілетін болады.

Бағдарламаға қатысуға мұрагерлік үлестің болуы кедергі емес. Және, жұбайлардың бірінде жер телімі болса да кері әсер етпейді. Бастысы, ол жерге құрылыс нысаны түсіп кетпесе болғаны. Ал, жас ерекшелігі бойынша, несиені 25 жылға алсаңыз, оның өтеу кезінде ер азаматтың жасы 68 ден, әйел адамның жасы 63 тен аспауы маңызды. Демек, сіз 25 жылдық несиені рәсімдеу үшін ер адам 42 де, әйел адам 38 де болуы қажет. Егер, несиені 10 жылға рәсімдесеңіз ер адамдар 58 де, әйелдердің жасы 53 те болу керек.

Жалпы алғанда оңтүсітк өңірде Елбасының  бес әлеуметтік бастамасы қарқынды жүріп жатыр деуге негіз бар. Өйткені, бұл бастама ел әлеуетінің жаңа серпінге көтерілуіне сеп болды.

Шымкент өңіріндегі осы игі бастамалар алдағы жылдарда да өз жалғасын тауып, халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты артады деп сенеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2037