Қазақстанда біркелкі Исламды дамыту тұжырымдамасы әзірленбек
АСТАНА. Маусымның 17-сі. BNews.kz - Қазақстанда біркелкі Исламды дамыту тұжырымдамасы әзірленбек. Бұл жөнінде брифингте қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесу барысында ҚР Дін істері агенттігінің басшысы Қайрат Лама Шариф мәлімдеді.
«Біз Қазақстанда біркелкі Исламды дамыту тұжырымдамасын әзірлейтін боламыз», - деді брифингте Қ. Лама Шариф.
Агенттік басшысының БАҚ-қа арнаған баяндамасында айтып өткеніндей, әрбір қазақстандық ар мен таңдау еркіне құқылы.
«Біз өз таңдауымызды жасадық. Біздің таңдай әділ және «Бір ұлт - бір дін» принципіне негізделген», - деп ескерді Қ. Лама Шариф.
Оның айтуынша, «дәл осы принцип біздің халқымызды біріктіреді және осы принцип негізінде «Қазақстандағы біркелкі Исламды дамыту туралы» тұжырымдама әзірленетін болады».
ҚР Дін істері агенттігінің мәліметінше, бүгінгі таңда ҚР халқының 70% исламның сунниттік ағымын ұстанады. Екінші негізгі конфессия Православие, оны ұстанатындардың саны халықтың 25%-ын құрайды.
Сонымен қатар, Қазақстандағы дінаралық қарым-қатынас жайын айтатын болсақ, Қ. Лама Шарифтің мәлімдеуінше, ол «тиісті деңгейде дамып жатыр, алайда бірлесіп шешімін табуды қажет ететін қиындықтар да жоқ емес».
http://www.bnews.kz/kk/news/post/52918/