Құрметті жамағат!
Біз өмір сүріп жатқан кезең өте күрделі уақыт болып тұр. Сол үшін де жұрт болып Жаратушыдан жақсылық тілеу парызымыз.
Біз өмір сүріп жатқан кезең өте күрделі уақыт болып тұр. Сол үшін де жұрт болып Жаратушыдан жақсылық тілеу парызымыз.
Тауарих тауқыметінің шатқаяқ соқпақтарынан талай-талай тайғанап өткен жатқан ата-бабамыз, табиғат құбылыстарының себеппен салдарға негізделген астрономиялық және физикалық негіздерінен де жақсы хабардар болған. Алла тағаланың ризашылығы үшін құрбандық шалып, садақа тасаттық беріліп дұға жасалынып отырған. Дегенмен де, ешқандай болмыстық көрнеулердің заңына бағынбай, әмбе құпия түрде дүлей мінезбен өтетін: жер сілкінісі, су тасқыны, бұрқасын борандар секілді аяқ астыннан болатын зілзалалардың негізгі зілі Жаратқанның тарапынан, пенделердің шектен шығып бара жатқан нәпсілік негіздерінің жазасы немесе сазайы іспеттес екенін де атамыз Қазақ жақсы білген. Бірақ та, әрқашанда шексіз рахымды Алла тағала пендесіне бірден қасірет қаптырмай, алдын -ала тәубелік тағлым ретінде ескертеді. Сондай сес көрсетулердің бірі жуырда Алматы шаһарында дүркін-дүркін өткен бір күнде 9 қайтара, қысқа уақыттың ішінде білінер білінбес 1500 рет болып өткен жер сілкінулері, онымен қоймай тыныш жатқан Алатау қойнауына сұрапыл боран үйіріп мыңдаған ғасырлар бойы өсіп келе жатқан зәулім бәйтеректерді сіріңкедей сындырғаны... Алғашқы адам шығынының да болғаны - шындық. Жастардың рухсызданып, жас қыздарымыздың қоғамдық орындарға жалаңаш шығуы, олардың жалаңаш кеуде жарыстарын өткізуі қоғамның азғындау екені анық.
Қасиетті Құран Кәрімдегі аяттардың 80 пайызы қиямет - қайым жайлы айтылса, оның жартысы жер сілкіністері мен өзге де табиғи апаттар туралы баяндаған. Мысалы:
«Ол (Аллаһ), Сендерге төбелеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге немесе бір бірлеріңнің әлімжеттіктерін тану үшін топ - топқа бөліп тастауға құдіреті толық жетеді», деді. (Әл - Әнғам сүресі, 65 - аят).
«Саған келген жақсылық - Алладан, басыңа келген жамандық - өзіңнен». (Ниса сүресі, 79-аят)
Тіпті пайғамбарымыздың хадистерінде де жер сілкінісі туралы сөз еткен. Мәселен Әбу һурайра жеткізген хадисте «Жер сілкіну жиілемегенше Қиямет күні басталмайды», - деп айтқан.
Әбу Хурайран риуаят еткен мына бір хадисте Алланын елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.): «Білімнің сапасы жоғалып, уақыт қысқарып, жер сілкіністері көбейіп, алауыздық жайылып, кісі өлтіру көбеймейінше қиямет келмейді» деген. (Бұхари жеткізген хадис)
Хадисте пайғамбарымыз: «Дүние мүліктеріңді зекетпен, денсаулықтарыңды садақа берумен қорғаңдар, ал пәле - жала толқынын дұға - тілекпен тойтарыңдар!» деп өсиет еткен.
Әрқашанда Құдайы жүрегінде, бисмилласы тілінің ұшында жүретін бабамыз мұндай сұры жаман сұрапыл сәтте дереу тәубесіне келіп тізе бүгетін. Алты жасар баладан бастап алпыстағы атасына дейін Алласын алқап, малының ішіндегі ең ардақты ақсарыбасын Аллаға арнап сойып қасиетті Құранды мәнерлеп оқып құрдай жорғалайтын. Әрине мейірімді, жарылқаушы Жаратқан олардың ниетіне орай құрбандықтарын, құлшылықтарын қабыл алатын.
Егерде біз сол аталардың ұрпағы екеніміз анық болса, қамсыз отырып қапы қалмайық ағайын. Жоғарыда айтылғандай «садақа бәленің бетін қайтарады» дегендей, осы алдағы қасиетті жұма күні, баршаңызды сол апат болған Медеу шатқалында, экологиялық постан кейін 24.06.2011 жылы сағат 11.00 де Аллаға тағалаға арнап Құдайы тамақ беріп Құран оқылатын, тасаттыққа дұға жасауға шақырамыз. Осындай сауабы мол, ел амандығын қамтамасыз ететін игілікті сақтық шарасына еліміздің азаматы ретінде елдің бірлігін, амандығын, мемлекетіміздің болашағының баянды болуын тілеп тасаттыққа қатысыңыздар.
Ұйымдастырушылар:
«Қазақ радиосы» ұжымы,
«Түркістан газеті» ұжымы,
«Айқын гезеті» ұжымы,
Халық және президент газетінің ұжымы,
«Абай KZ» сайтінің ұжымы,
«Алаш» тарихи зерттеу орталығының ұжымы,
«Желтоқсан ақиқаты» газетінің ұжымы,
«Жалаңтөс бахадүр» діни бірлестігінің ұжымы,
Қапшағай қаласының тұрғындары,
«Ұлы дала бірлестігінің» ұжымы,
«Алаш айнасы» газетінің ұжымы.
Алматы қаласының сауда палатасының ұжымы,
«Шабдарұлы Смағұл» мешітінің жамағаты.