Жәнiбек Қожық. Су тасыса, бөгерсiң, Халық толқыса, не дерсiң?
Маңғыстау мұнайшыларының ереуiлге шыққанына бiр айдан аса уақыт өттi. Компания қожайындары мен мұнайшылар арасындағы текетiрестiң әзiрге тоқтайтын түрi көрiнбейдi. "Ерсай" Каспиан контрактор, "Өзенмұнайгаз" ӨФ, "Қаражанбасмұнай" АҚ мекемелерiнен қазiрге дейiн 500-ден аса адам жұмыстан шығарылды, 100-ден аса мұнайшы әкiмшiлiк жазаға кесiлдi. 70-ке жуық жұмысшы бiрнеше тәулiк абақтыға жатып шықты.
Мұнайшылардың заңгерi Н.Соколова әлi түрмеде жатыр. Полициға наразылық ретiнде өз-өзiне қол жұмсаған Қ.Сисембаев ауруханадан үйiне шығарылды. Қазiр оны да полиция тергеуге алуда. Жаңаөзендiк мұнайшы Жак Аминовтiң үстiнен қылмыстық iс қозғалып, тергеу амалдары жүруде. Ал мұнайшылардың қойып жатқан талаптарының бiреуi де орындалған жоқ. Халықты осындай жағдайға жеткiзген өндiрiс басшылары мен жергiлiктi билiк өкiлдерiне ешқандай шара қолданылылар емес. Олар сүттен ақ, судан таза болып, барлық жауапкершiлiктен жалтарып, Ақордаға бiр жақты мәлiметтер берiп, барлық кiнәнi қарапайым жұмысшылар мен мұнайшылардың үстiне үйiп-төгуде.

Маңғыстаудың жергiлiктi халқы билiктiң әдiлетсiз әрекетiне жаппай қарсылық бiлдiрiп жатыр. 20 маусым күнi сағат 10-дар шамасында Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентiнде Аудандық әкiмшiлiк ғимаратының алдында 200-ден аса халық жиналды. Олардың iшiнде зейнеткерлер, мұғалiмдер, дәрiгерлер, мұнайшылар бар. Жиналған халықтың алдына Маңғыстау ауданының әкiмi Қ.Боқанов барлық орынбасарларын, аудан басшыларын ертiп келдi. Сағат 10-нан аса митингiге қатысқан адамдар сөз сөйледi.
Жармыш ауылының тұрғыны Қибас ақсақал: "Жиналған жұрттың басты талабы: Ереуiлге шығып жатқан мұнайшылардың талабын тез арада шешсiн. Қазiргiдей қиын жағдайда ешкiм жұмыстан шығарылмасын. Жұмыстан шыққан мұнайшылар қайта орнына қабылдансын. Балаларымыз да, бiз де әбден шаршадық. Мұнайшылардың құқығын қорғап жүрген Н.Соколованың ешқандай жазығы жоқ. Бар жазығы - мұнайшылардың құқығын қорғағандығы. Оған бостандық берiлсiн. Халықтың шыдамы әбден таусылды. Бiздiң осы талаптарымызды тиiстi орындарға жеткiз" деп әкiмге талап қойды. Ал Шетпе кентiнiң тұрғыны Ғ.Айдарбаева "Менiң iнiм Асланбектiң үйiн мұнайшылардың белсендiсi болғаны үшiн қасақана өртеп жiбердi. Кiнәлiлер ұсталған жоқ. Өзiн сабаса, үйiн өртесе, қаптаған мына полиция не бiтiрiп жүр. Тапсын қылмыскерлердi!" деді күйініп. Онды ауылының тұрғыны Т.Озғанов ақсақал: "Мұнайшылардың мәселесiн тез арада шешiңдер. Сiздер қалталарыңның қамын осы кезге дейiн ойладыңдар. Ендi халықты да ойлайтын мезгiл жеттi" деп келте қайырды. Тоймекен зейнеткер ауылдағы жұмыссыздық, бағаның қымбатшылығы, кәсiпкерлердi қолдаудағы әдiлетсiздiк жөнiнде сөз қозғады. Бұдан кейiн де бiрнеше адам өз пiкiрлерiн айтты.
Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi, жиынға қатысқан халықтың талаптары төмендегiдей болды: Мұнайшылардың қойып отырған талаптары орындалсын; ереуiл кезiнде ешкiмдi жұмыстан шығармасын; жұмыстан шығарылған мұнайшылар орнына қайта қабылдансын; Н.Соколоваға бостандық берiлсiн; Шетпе кентiндегi жаңадан салынып жатқан цемент зауытының экологиялық жағдайы қаралсын; Шетпеге қытай келмесiн, жергiлiктi халық жұмысқа қабылдансын; азық-түлiк бағаларының қымбаттауына жол берiлмесiн; Мұнайшыларды осындай ереуiлге шығуға мәжбүр еткен басшылар заң алдында жауапкершiлiкке тартылсын; мұнайшының үйiн өртеген қылмыскерлердi тез арада тапсын, халық алдында әшкерелесiн. Наразылық митингiсiнде халықтың қойған талаптары мен сұрақтарына Маңғыстау ауданының әкiмi Қ.Боқанов өз мүмкiндiгiне қарай жауап бердi. Жиналған халық қойған талаптарымыз орындалмаса, осылайша жинала беремiз деп ескерттi.
Иә, жағдай осылайша ушыға берсе Маңғыстау халқы жаппай ереуiлге шығатын түрi бар. "Су тасыса, бөгерсiң, Халық толқыса, не дерсiң?" Әттең, Маңғыстаудың жанайқайын билiк мойындамаса да, өзге аймақтағы ағайындарының үн қоспай отырғаны өкiнiштi-ақ!
«Абай-ақпарат»