Сенбі, 23 Қараша 2024
4107 2 пікір 23 Мамыр, 2019 сағат 11:27

Зеленский басшылыққа өз адамдарын тағайындай бастады

Дүйсенбі күні Украина президенті қызметіне кіріскен Владимир Зеленский Бас штаб басшысы - Қарулы күштер бас қолбасшысы қызметіне генерал-лейтенант Руслан Хомчакты тағайындады. Жарлық Украина президенті сайтында жарияланды.

51 жастағы Хомчак Мәскеу әскери училищесін бітірген, Донбастағы қарулы жанжалға қатысқан, 2014 жылы ол өзі басқарған бөлімді Иловай түбіндегі шайқаста қоршаудан алып шыққан деп жазды "Украинская правда" газеті.

Хомчак әскер генералы Виктор Муженконың орнына келді. 57 жастағы Муженко Донбастағы жанжал қызып тұрған шақта Украина әскерін басқарған.

Сейсенбі күні Зеленский өз тобында тағы бірқатар тағайындаулар туралы жарлыққа қол қойды. Ол президент әкімшілігі басшысы ретінде украин олигархы Игорь Коломойскийдің заңгері Андрей Богданды тағайындады. Президенттің бірінші көмекшісі қызметіне "Квартал 95" студиясын Зеленскиймен бірге басқаратын Сергей Шефир кірісті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408