Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
2547 0 пікір 12 Сәуір, 2019 сағат 14:02

Елімізде 1 миллионнан астам адамның жалақысы көбейеді

Қазір елімізде жұмысшылар тарапынан жалақының аз екені жиі айтылады. Осыған сәйкес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биылғы жылдың басынан бастап, жалақысы төмен жұмысшыларға салынатын салық мөлшері 10 есеге дейін азайды.Яғни, енді қарапайым жұмысшы мемлекетке тек 1 пайыз ғана салық төлейтін болды.

Сонымен қатар, Президенттің ұсынысы бойынша, еліміздегі ең төменгі жалақы алатындар, яғни, есептік көрсеткіштен 25 есе төмен айлық иелері жеке табыс салығын төлемейді. Сөйтіп, олар салық жүктемесінен босатылады. Тиісінше, салықты азайтудан түскен қаражат жұмысшылардың жалақысын көтеруге жұмсалады.

Егер елбасының осы аталған бастамасы іске асса, еліміздегі екі миллионнан астам адам жұмыс берушінің көмегінсіз мемлекет есебінен жалақысын көбейте алады. Бұл дегеніңіз еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің  үштен бірін құрайды.

Бұдан әрі ҚР Үкіметі табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу бойынша бірқатар мүмкіндіктерді зерделемек.

Елбасының осы Үндеуі негізінде өңірлерде де қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, Қызылорда облысында “Жан-Арай-Жем” деп аталатын серіктестік бар. Кеше ҚР Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықов мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Сыр өңіріндегі осы зауыттың жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорында тәулігіне 80 тонна құрама жем өндірілетін көрінеді. Сондай-ақ, сыр өңірінің күрішінде қайта өңдейтін осы зауыт. Қазір онда жергілікті 150 ден аса тұрғын жұмыс істейді. Зауыт жұмысшыларымен кездескен Үкімет басшысының орынбасары Әбдіхалықова ханым әртүрлі кәсіпорындардағы айлық төлемеу мәселесін болдырмау жағына ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Сондайа-ақ, айлық мөлшері ең төменгі жұмысшының жалақысын көтеру қажеттігін де баса айтты.

Ал, Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Машбекұлы жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау мен олардың өз уақытында және еңбегіне лайық айлық алып тұруы жөнінде айтты.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазіргі кезеңде ел экономикасының әртүрлі бағыттарында 165 мың кәсіпорын бар. Ол кәсіпорындарда 6,6 миллионға жуық жұмысшылар еңбек етеді. Аталған министрлік ең әуелі сол жқарапйым жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғайды. Оның ішінде жалақының уақытында төленуі маңызды басымдыққа ие. Мәселен, өткен жылы министрлік тарапынан 32 мыңнан астам адамның құқығы қорғалған көрінеді. Нәтижесінде, 3,2 миллиард теңге көлемінде айлық қарызы қайтарылған.

Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, осы жылы Елбасы тапсырмасына орай, 1-шілдеден бастап бюджеттік сала мамандарының жалақысы көбейеді. Олардың ішінде ең төменгі айлық алатындардың ақшасы 15 тен 30 пайызға дейін өсетінін айтты.

Айта кетейік, олардың ішінде сантехник, электромонтер, слесарь сияқты жұмысшылардың айлығы 25 пайызға көтеріледі. Сонымен қатар, ауыл мен қалалық әкімшілік қызметкерлерінің де айлығы көтеріледі. Олардың саны шамамен 75 мыңнан жоғары болмақ.

Сонымен биыл Елбасы тапсырмасына сәйкес елімізде 1 миллионнан астам адамның жалақысы көбейеді. Бұл – әлеуметтің әлеуетін жақсартуда жасалатын нақты қадамдар.

Еске сала кетейік, былтыр наурыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Үндеуін жолдаған. Ол "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" деп аталды. Ондағы негізгі бағыт – елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсарту болған еді. Дәлірек айтсақ, президенттің  бағдарламалық мақаласының екінші бағыты  – “Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту”  деп аталған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2070