Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
2333 0 пікір 11 Сәуір, 2019 сағат 16:10

Қызылордалық жастар үшін шет елде білім алу қолжетімді

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынған Президенттің бес әлеуемттік бастамасы атты халыққа Үндеуі жарияланғалы бері де біраз уақыт өтті. Тиісінше, сол уақыт аралығында Елбасы тапсырмасының орындалуы да қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, Үндеудің үшінші бағыты – “Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту” деп аталады.

Елбасының осы бастамасынан кейін еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алудың бірнеше жеңілдіктері қарастырылды. Сонда-ақ, жастар көп шоғарыланған Алматы секілді қалаларда студент жастарға арнап жатақхана құрылысы да басталып кеткен болатын.

Жалпы, президенттің аталған бастамасындағы үшінші бағыт та әр өңірде қарқынды қолға алынған. Мәселен, Қызылорда қаласындағы “Ақмешіт” гуманитарлық-техникалық институты мемлекеттің білім саласына жасап отырған қамқорлығы негізінде дамып келе жатыр.

Мемлекеттің 2016-2019 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамыту бағдарламасы сыр өңірінде қарқынды жүзеге асып келеді. Қызылорда облысының әкімі Руслан Рүстемовтың айтуынша, мемлекеттің қолдауының арқасында бүгінде сыр бойының жастары халықаралық, республикалық білім сайыстарында үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Және, Елбасы айтқандай, білім алудың қолжетімді болуының нәтижесінде өңір жастары ұлттық бірыңғай тестілеуден де жақсы деңгей көрсеткен.

Әкім орынбасарының сөзіне сенсек, бүгінде Қызылорда облысындағы білім ошақтарының басым көпшілігі сандық технологияға ерекше бет бұрған көрінеді. Яғни, сыр бойының оқу ошақтары білім сапасын арттыру үшін қазір интерактивті тақта мен карта, автоматтандырылған күнделік жүйесі, электронды кітап сынды ресурстар пайдаланады. Бұл ресурстарға қосымша балалардың уақыты мен  шығынын үнемдеу үшін қосымша технология да енгізілмек. Ал, өңірде жақын арада STEM жүйесі бойынша жұмыс істейтін робототехника және IT сыныптары қолданысқа берілген.

Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес, Қызылорда жастарының шет елде білім алуына да айрықша қолдау жасалған. Олардың ішінде Мәскеудің Қазан қаласындағы “Иннополис” университетімен жасалған келісім негізінде оқып жатқан жастар баршылық. Ал, қазірде Мәскеудің “Сколково” инновациялық білім орталығымен келісім жасалып жатқан көрінеді.

Ал, Қызылорда облысы бойынша соңғы бес жыл ішінде 63 білім беру ошағы салынған. Сондай-ақ, өңірдегі колледждердің 80 пайызы дуальді жүйеге көшкен.

Жастардың білім алу қолжетімділігін арттыру мақсатында осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан бірнеше бағдарламалар қабылданған болатын. Ол жобалар өз кезегінде жастардың ьіліммен ғана емес, әлеуметтік жағдайына да оң әсер еткен пайдалы жоба болды. сыр өңіріндегі белсенді жастардың бірі Айдананың айтуынша, мемлекеттің білім саласында жүрген жастарға деген қамқорлығы ерекше. Оған мемлекет тарапынан бастау алған “Дипломмен ауылға”, “Ауыл жастары”, “Жастар кдрлық резерві” сияқты бірнеше тиімді бағдарламалар дәлел болатын көрінеді.

Бүгінде Айдананың өзі де Nur-Otan партиясының “English for Jastar” жобасы бойынша, ауыл мектебінде балалардың ағылшын тілін меңгеруіне ықпал етіп жүр.

Елбасының бастамасымен жасалып жатқан осындай іргелі жұмыстар жастардың ертеңге деген нық сенімін қалыптастырады. Өйткені, бүгінгідей өркениетке ұмтылған қазақ қоғамында білімнің маңызы зор. Сондықтан, өңір басышалыр ұрпақ алдындағы осы жауапкершілікті терең сенізіп, Елбасының Үндеуінде көрсетілген нақты тапсырмаларды орындауда белсенділік танытуы тиіс. Ал, бұл үдеден шығу барлық өңір атқамінерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2070