Сенбі, 12 Қазан 2024
46 - сөз 8043 3 пікір 1 Маусым, 2019 сағат 12:34

21 мыңның дауы Қазақстан шекарасынан асып бара жатыр..

21 мыңды алу үшін Неке куәлігін жыртып жатқандар бар екен..

Өкімет берген қағазды жыртарсың-ау, некеңді қиған имамның аузымен Құдай берген куәлікті қайтесің?
.. Дегің-ақ келеді..

Бірақ оффшорларға кетіп жатқан қаражатты ойлап, мемлекет қазынасын әркім өз шамасы келгенше қарпып қалуға тырысып жатыр-ау деп үнсіз қаласың..

Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан 2017 ж. әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруға ЖІӨ-ң 3,6%-н бөліпті..

Бұл Экономикалық Даму мен Ынтымақтастық Ұйымына (ОЭСР) мүше елдермен салыстырғанда әлдеқайда аз.
Мәселен, Экономикалық Даму мен Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер әлеуметтік шығындарға орта есеппен ЖІӨ-ң 21%-н бөледі.

Әлеуметтік шығындарға ең көп қаражат қарасытратын мемлекеттер:
Франция (ЖІӨ-ң 31,5%), Финляндия (30,8%) және Бельгия (29%).
Финляндиядан өзге Скандинавияның Дания, Швеция, Норвегия секілді елдері ЖІӨ-ң 25%-н астамын бөледі.
Осы ұйымға мүше елдердің арасында әлеуметтік шығындарға ең аз қаражат бөлетін Чили (11,2%), Корея (10,4%) мен Мексика (7,5%)..
Қарап отырсақ, бұлардың ең аз дегені Қазақстаннан 2 есе көп бөледі..

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан 2017 ж. әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруға ЖІӨ-ң 3,6%-н бөліпті..
Бұл Экономикалық Даму мен Ынтымақтастық Ұйымына (ОЭСР) мүше елдермен салыстырғанда әлдеқайда аз.
Мәселен, Экономикалық Даму мен Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер әлеуметтік шығындарға орта есеппен ЖІӨ-ң 21%-н бөледі.

Әлеуметтік шығындарға ең көп қаражат қарастыратын мемлекеттер:
Франция (ЖІӨ-ң 31,5%), Финляндия (30,8%) және Бельгия (29%).
Финляндиядан өзге Скандинавияның Дания, Швеция, Норвегия секілді елдері ЖІӨ-ң 25%-н астамын бөледі.
Осы ұйымға мүше елдердің арасында әлеуметтік шығындарға ең аз қаражат бөлетін Чили (11,2%), Корея (10,4%) мен Мексика (7,5%)..

Қарап отырсақ, бұлардың ең аз дегені Қазақстаннан 2 есе көп бөледі..

Бұл деректер аспаннан алынған жоқ.

2018 жылдың 14-15 мамыр күні Монреальда (Канада) Экономикалық Даму мен Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің әлеуметтік саясатына арналған форумда айтылды.

Өмір Шыныбекұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір