Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Әлеумет 6580 0 пікір 5 Маусым, 2019 сағат 11:09

Қызылордада кәсіп бастауға ынталы азаматтар көп

Қызылорда облысында кәсіп бастауға ниетті азаматтар саны артқан. Оларға «Бастау» жобасы аясында бизнестің қыр-сырын үйренуде. Биыл Қызылорда облысы бойынша 800 азаматты аталған жоба бойынша оқыту көзделіп отыр, - дейді Абай-ақпарат.

Бүгінгі таңда 555 азамат осы «Бастау» арқылы білім алса, оның 44-і өз кәсібін бастап үлгерді. Олардың 3-еуі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалынан 11,5 млн теңге несие алса, 41-і «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде өткен гранттың жеңімпазы атанды. 41 жобаға берілген грант көлемі 10,4 млн теңге тұрады.

Қызылорда қаласына іргелес орналасқан Бірқазан ауылының тұрғыны Ұлжалғас Пернеева мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдетілген несиенің арқасында мал шаруашылықпен айналысып жатыр.

– «Бастау» жобасының 2018 жылғы түлегімін. Бір ай оқып, біліктілігімді жетілдіріп, бизнес-жоспарымды дайындадым. Сонымен мал шаруашылығымен айналысу үшін «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан 3 млн теңге несие алып, 10 бас сиыр алдық. Қазір төлдеп, мал басы көбейіп жатыр. Сүтін, қатығын сатып, құртын, майын алып, тірлік қылып жатырмыз», - дейді Ұлжалғас Пернеева.

Қазіргі күні «Бастау» жобасы арқылы білім алған облыс тұрғындары өңірдің түкпір-түкпірінде сервистік қызмет көрсету, мал шаруашылығы, т.б. салалар бойынша жұмыс істеп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048