Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2882 0 пікір 28 Маусым, 2011 сағат 01:01

Қайрат Мәми ГФР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Райнер Шлагетерді қабылдады

ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Райнер Шлагетерді оның біздің еліміздегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады,деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Р.Шлагертерді Қазақстан-Германия ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айта келіп, Қ.Мәми неміс дипломатының алдағы қызметі табысты болуына тілектестігін білдірді.

Екіжақты қатынастардың даму қарқынын атап өте келіп, төраға  2010 жылғы шілдедегі Федералды канцлер А.Меркельдің Қазақстанға ресми сапарының нәтижелерін жоғары бағалады.

Қ.Мәмидің айтуынша, Қазақстанның Германиядағы және Германияның Қазақстандағы жылдары табысты өтті және бұл шаралар екі халықты жақындастыруға жәрдемдесті.

Парламентаралық ынтымақтастық саяси үнқатысудың маңызды құрамы екенін айта келіп, Қ.Мәми Сенатта Федералды парламентпен ынтымақтастық тобы жұмыс істейтінін, ал ГФР Бундестагында «Германия-Орталық Азия» парламенттік тобы бар екенін атап өтті. Екі ел Парламенттері арасындағы байланыстарды кеңейтуде Бундестаг Президенті Н.Ламмерттің былтыр күзде Қазақстанға келген ресми сапары ерекше маңызды болғаны айтылды.

Р.Шлагетер елші ретіндегі қызметіне жәрдемдескені және қолдау білдіргені үшін Қазақстан басшылығына алғыс айтты және Қазақстан-Германия ынтымақтастығын, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі байланыстарды одан әрі нығайтуды жақтайтыны жайында айтты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385