Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2962 0 пікір 28 Маусым, 2011 сағат 13:07

ҚМГ БӨ Жоғарғы соттың теріс шешімі туралы хабарлайды

Астана, 28 маусым 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») экспорттық кеден салығын (ЭКС) төлеуге қатысты дауға байланысты талап арыз бойынша Жоғарғы соттың шешімі туралы хабарлайды. Аталған дау 2008 жылдың желтоқсанында декларацияланған, бірақ іс жүзінде 2009 жылдың 1 тоқсанында экспортқа түсірілген мұнай көлемі жайында жүргізілуде.

2009 жылдың қаңтарында кеден органдары Компания атына 15,2 млрд. теңге  мөлшерінде ЭКС қосымша есептеуімен және 260 млн. теңге мөлшерінде өсім туралы хабарламаны жолдады. Аталған хабарлама Компания тарапынан жоғары тұрған органда (Қаржы министрлігі) сәтті нәтижемен шағымдалып, күшін жойған болатын.

Астана, 28 маусым 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») экспорттық кеден салығын (ЭКС) төлеуге қатысты дауға байланысты талап арыз бойынша Жоғарғы соттың шешімі туралы хабарлайды. Аталған дау 2008 жылдың желтоқсанында декларацияланған, бірақ іс жүзінде 2009 жылдың 1 тоқсанында экспортқа түсірілген мұнай көлемі жайында жүргізілуде.

2009 жылдың қаңтарында кеден органдары Компания атына 15,2 млрд. теңге  мөлшерінде ЭКС қосымша есептеуімен және 260 млн. теңге мөлшерінде өсім туралы хабарламаны жолдады. Аталған хабарлама Компания тарапынан жоғары тұрған органда (Қаржы министрлігі) сәтті нәтижемен шағымдалып, күшін жойған болатын.

Алайда, 2009 жылдың 18 тамызында кеден органдары Компанияға енді ұлғайған өсім есебімен 17,5 млрд. теңге (119 млн. АҚШ доллары) сомасында  қайтадан хабарлама жіберді. 2009 жылдың 23 қыркүйегінде Компания,  сөз болып отырған мұнай көлемінің 2008 жылдың желтоқсанында кедендік тазартудан өткізілгенін және ол бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес ренттік салық төленгенін басшылыққа ала отырып, бірінші инстанциядағы сотқа аппеляция берді. 2009 жылдың 1 желтоқсанында бірінші инстанциядағы сот Компания пайдасына шешім шығарды. Соған қарамастан 2010  жылдың 20 қаңтарында екінші инстанциядағы сот Кеден комитетінің аппелляциясын қанағаттандырды. 2010 жылдың 8 ақпанында Компания үшінші инстанциядағы сотқа аппеляция түсірді. 2010 жылдың 9 наурызында үшінші инстанциядағы сот Кеден комитетінің пайдасына шешім шығарды.

2011 жылдың наурызында Компания істің Жоғарғы сотта қаралуы туралы өтініш түсірді. 2011 жылдың 23 маусымында Жоғарғы сот қадағалау өндірісін қозғаудан бас тартты. Осылайша,  ҚМГ БӨ бюджетке ЭКС  қосымша есебімен 15 млрд. 260 млн. теңге көлеміндегі соманы, сондай-ақ 2,3 млрд. теңге мөлшерінде өсім төлеуге міндеттіліп отыр. Аталған сомалар үшінші инстанциядағы соттан кейін бюджетке төленген болатын, алайда табыстар мен шығындар туралы есепте көрініс тапқан жоқ, өйткені, Компания оң шешімге есеп жасаған еді.

Компания Жоғарғы соттың шешіміне орай өзінің түсінбестігін білдіреді,  өйткені,  ренттік салық төленген, сөз болып отырған түсірілген мұнай көлеміне ЭКС төлеу, Қазақстан Республикасындағы жария етілген заңнамаларға және фискальдық саясат қағидаттарына қайшы келеді деп есептейді. Қазіргі уақытта ҚМГ БӨ өзінің заңды құқықтарын  және мүдделерін белгіленген заң тәртібінде одан әрі қорғау мүмкіндіктерін қарауда.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары - Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2010 жылдың шілдесінде халықаралық Standard & Poor's агенттігі Компанияның несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде, ал 2010 жылдың қарашасында «GAMMA-6» корпоративтік басқару рейтингін растады.

 

Байланыстық ақпарат:

 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600)

Дәулет Жұмаділ

e-mail: pr@kmgep.kz

 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)

Әсел Қалиева

e-mail: ir@kmgep.kz

 

Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147)

Елена Добсон

е-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk

 

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр» , «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383