Сейсенбі, 15 Қазан 2019
Тағайындау 1329 8 пікір 13 Маусым, 2019 сағат 11:03

Нұр-Сұлтан қаласын Алтай Көлгінов басқарады

Нұр-Сұлтан қаласын енді еліміздегі ең жас әкімдердің бірі Алтай Көлгінов басқарады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің Жарлы жарияланды.

Алтай Көлгінов 2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып келген.

Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен. 2001-2008 жылдары ҚР Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады. 2008-2010 жылдары - «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары. 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.

Abai.kz

8 пікір