Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5496 8 пікір 13 Маусым, 2019 сағат 15:56

Жігіттер, сендер келімсектерді барлық саладан ығыстырып шығара аласыңдар...

Қазақтың ауылдағы қара баласының ауылдан қалаға келіп істейтін жұмысы құрылыс жұмысы екенін сіздер жақсы білесіздер. Өкінішке орай, күзет, такси, құрылыс жұмыстарын біреуге жалданып атқару қазіргі кезде қазақ баласының еншісіне қалып отыр. Ауылдағы жағдайды өздеріңіз жақсы білесіздер. Мұғалім мен дәрігерге ғана жұмыс таба аласыз. Оның өзінде таласып, тартысып, қолыңдағы бірнәрсені аузына салып барып, әйтеуір бір вакансияны аласыз. Елдің баласының бәрі де епті емес. Епті адамның қай жерде болсын жұмыстың ретін тауып, істеп кететінін де мойындау керек. Ондай азаматтар менің айналамда табылады.

Менің таң қалатыным, біздің құрылыс саласында қаптаған түріктер толып жүр. Менің ішім ашитыны, осы түріктің қай қайсысына болса да жоғары категориялы құрылыс фирмалары жұмыстарын тапсырып тастайды. Ал бұлар қазақтың қара баласын жұмысқа салып қойып, өздері арада делдал болып, қалтасын ақшаға толтырып жүр. Астананы да, басқа қалаларды да қазақтың қара баласы мен жер астындағы қара мұнайы салып жатыр. Қалтасы ашқаға толған бұлар біздің қазақтың қыздарына өлгенше құмар. Өздерінің кеңсесінде отырған қазақтың қыздарының бәрін соңынан ертіп алып кетеді. Біздің бұл желікпелер түріктердің соңынан еріп жүреді. Қалтасында ашқасы бар адамның соңынан кету қазір біздің кейбір қыздарға ар да, намыс та емес. Кафеде көзің түссе қаның басыңа шабады.

Бұл менің көзбен көріп жүргенім. Қазір қазақтың баласының қолынан келмейтін тірлік жоқ. Бірақ тек жалдамалы ғана болып жүр. Ай, аңқау қазақтың баласы-ай! Қазақтың баласы қазір архитектуралық құрылыс нысандарының кез келгенін салып, инженерлік есептерін жасап бере алады. Дәл қазір менің жанымда белгілі «Жетімдер» деген кинода Арманның рөлін сомдаған Нұржан деген жігіт отыр. Фотода жанымдағы сол жігіт. ВІ ГРУПП компаниясының бас геодезисті. Білікті инженер. Ол кезде бұл жігіт кішкентай ғана бала еді. Қазір көріп таң қалдым. Көрдіңіз бе, қазақтың жігіттері жан-жақты талантты.

Ал мынау, түріктер мен орыстілділердің білімінің қай деңгейде екенін мен өзім көзбен көріп, жұмыс басында ақ тексеріп тастаймын. Мыңқылдап ешнәрсе де айта алмайды. Түк те білімі жоқ. Бастары көп нәрсеге де жетпейді. Бұлар тек қазақтың баласын қара жұмысқа жалдап, ортада делдалдықпен ақша табудың ғана шебері екен. Дүние алма кезек. Жігіттер, тек қана өркениет жолына ғана ояныңдар. Мынау қаңғыған келімсектерді білімдеріңмен, іскерліктеріңмен, әрекеттеріңмен, намыспен барлық саладан ығыстырып шығара аласыңдар. Сендерде бұл қабілет бар. Құрылысты да, мұнайды да, экономиканы да, қаржыны да өз қолдарыңа алуды жоспарап, тактикалық жолмен жұмыс жасаңдар. Сонда намыстарың да, жігерлерің де, тұғырларың да құламайды. Сендердікі тек аңқаулық қана. Мен де инженермін. Бірнеше компанияны аралап көріп, келісім шар жасау үшін сөйлесіп көріп келдім. Арадағы посредниктерге алданбаңдар. Өздеріңнің несібелеріңе қайдағы бір қаңғыбастарды серік қылмаңдар. Бұл кендердің ғана емес, бала шағаларыңның да несібесі. Бұл да сендердің қолдарыңнан келеді. Қолынан келтіріп жүрген нар жігіттерді де көзіммен көріп жатырмын. Қыздарға еге болыңдар. Оларды дұрыс қамтамасыз етіңдер. Бізді бүгіннен бастап өркениетті сана, ғылым мен білім, жігер мен мінез, нақты әрекет қана барлық бұғаудан алып шығады. Бұл бәріміз бірігіп отыра қолға алатын шаруамыз.

Бекболат Қаржанның facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613