Жұма, 19 Шілде 2019
792 2 пікір 14 Маусым, 2019 сағат 16:50

Қызылордада «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме өтті

2019 жылығы 14 маусым күні сағат 11.00-де Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасының жабылу салтанаты өтті.

Көрменің жабылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Ә.М.Рахымжанов, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен студент жастар, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Көрменің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы бірізді толық рөлін көрсету, Елбасының сарабдал саясатының арқасында жүзеге асқан жас мемлекетімізідің әлем алдында беделінің артуын жан-жақты насихаттау.

Қызылорда жұртшылығының назарына Елбасы кітапханасының архив, кітапхана, музей қорларының материалдары, Н.Ә.Назарбаевтың жоғары мемлекеттік марапаттарының бірегей жинағы, мемлекет басшылары және қазақстандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар, сонымен қатар Н. Ә. Назарбаевтың шет тілдерге аударылған еңбектері ұсынылды.

Көшпелі көрме жобасының жабылу салтанатына арнайы Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының директоры Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы қатысады.

Шараға қатысатын  Елбасы туралы жан-жақты мәлімет беріп, ең құнды жәдігерлер мен заттарды әкеліп таныстырып, халыққа ұсынған, Елбасымыздың өмір жолын, еңбек жолын ұлықтап жүрген кітапхана жұмысы жайлы жылы лебіздерін білдурге облыс басшылары, қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері  де бар.

Аталмыш көшпелі көрме жобасы аясында «Рухани жаңғыру» орталығында музей саласының мамандарымен «Музей саласындағы ақпараттандыру» атты семинар, «Ашық кеңістік» форматында «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты аймақтық кәсіби сессиясы өткізілді. Сондай-ақ, Шиелі, Қармақшы аудандары тұрғындары үшін «Тұңғыш» экскурсиялық тұжырымдамасының аясында «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының көшпелі экскурсиясы ұйымдастырылды. Ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту шаралары негізінде Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде қала тұрғындары және студенттер, оқушылармен кездесу өткізіліп, Қызылорда облысының жас суретшілерінің ерекше туындылар топтамасынан көрме ұйымдастырылды.

Елбасы кітапханасы ұсынған «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесін екі ай мерзімде 130 мыңнан аса адам тамашалады. Келушілер арасында шетелдіктер де болды. Көрме Сыр жұртшылығының ықыласына бөленіп, келушілер ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, келушілер көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, экспозициялардың заманауи интерактивті технологиялармен жабдықталғанын, экскурсия жүргізушілердің материалды әсерлі әрі қызықты баяндағанын атап өтті. Аталмыш көрме өңірдің мәдени өміріне ерекше серпіліс берді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы;

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы;

Қызылорда облысытық тарихи-өлкетану музейі.

Abai.kz

2 пікір