Ирак Елекеев, депутат. Журналистердің мәртебесі неге айқындалмай отыр?
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен Палатаның жалпы отырысында депутат Ирак Елекеев ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдаған болатын, соны назарларыңызға ұсынамыз:
«Біздің қоғамда журналистерге құрмет көрсету тек қана Баспасөз күнімен шектелетін сияқты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың белгілеп беруінің арқасында маусымның соңғы жексенбісі Баспасөз күні болып аталып жүр. Ол ешқандай заңмен бекітілмеген.
Журналистер халықтың барлық әлеуметтік жағдайын көтереді. Алайда, өздерінің аш-жалаңаш жүргеніне біздің қоғам мән бермейді. Баспасөз күніне орай таяуда Астана әкімшілігі бір журналиске және «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған байқау жеңімпазы ретінде бір журналиске пәтер берілді. Ал мыңдаған журналистер пәтерсіз, үй жалдап, тапқан ақшаларын солардың қалтасына салып, біреудің босағасында жүр.
Жуырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан журналистикасының өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Оған еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен жетекші журналистер қатысқан болатын.

Сонда қазіргі журналистиканың аса маңызды мәселелері сөз болды. Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайым, филология ғылымдарының докторы, академик Намазалы Омашұлы, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның президенті Сауытбек Абдрахманов, «Айқын» газетінің Бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Астана» журналының Бас редакторы Мақсат Тәж-Мұрат және басқа да азаматтар өз ойларын ортаға салды.
Сол отырыста қаламгерлер журналистердің әлеуметтік, мемлекеттік, әкімшілік қызметшілер тарапына жатпайтынын, соған орай мәртебелері айқындалмай келе жатқанын ашық айтты. Осы мәселені заң түрінде шешетін уақыт жетті деп ойлаймын.
Сонымен қатар тағы бір мәселе, журналистердің бір мәселені тереңірек зерттеп жазуына мүмкіндік берілуі керек. Айталық, депутат қоғамдағы көкейкесті мәселе бойынша сауал жолдаса, соны әрі қарай зерттеп, журналистік тергеу жүргізіп, толымды мақала жазғаны жөн. Бұрын Одақ тұсында сондай мақалалар шыққанда, оқырмандар іздеп жүріп оқитын еді.
Соңғы жылдары көптеген басылымдар мақала жазған авторға қаламақы төлемейді. Осы жағын да реттеген жөн.
«Тұрғын үй қатынастыры туралы» заңға түзетулер енгізіліп, журналистерге де пәтер алуда жеңілдіктер қарастырылғаны жөн.
Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратып отыр