Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
3443 4 пікір 17 Маусым, 2019 сағат 12:20

Голан шыңдарындағы болашақ қалаға Трамптың есімі берілді

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 16 маусымда болашақта халқы қоныстанатын жерге "Трамп шыңдары" деп атап қойып, оның ашылу салтанатына қатысты.

Жаңа қала Израиль басып алған Голан шыңдарында орналаспақ. Бұл аумақты 2019 жылдың басында АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің жері ретінде ресми мойындады. "Трамп шыңдары" –израиль-америка қарым-қатынасының жандануының тағы бір кезеңі деп атап өтеді The Washington Post.

Голан шыңдары Антиливанның оңтүстігіндегі үстірт және таулы жер, қазіргі Ливан, Сирия, Иордания және Израиль шегінде орналасқан.

1981 жылы Израиль Кнессеті «Голан шыңдары туралы заңды» қабылдады, осы заң бойынша Израиль бұл аймақтың үстінен біржақты суверенитет жарияланды. Бірақ Сирия да бұл аймақты өзінің жері ретінде санайды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 965
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2477
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 671
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 644