Жексенбі, 24 Қараша 2024
3596 4 пікір 17 Маусым, 2019 сағат 16:58

Шахматтан Азия чемпионатында алматылық Димаш Тулендинов жеңімпаз атанды

Шри-Ланка жеріндегі Азия чемпионатында еліміздің жас шахматшылары 9 алтынды, 3 күміс және 6 қола медальді жеңіп алды. Аталмыш турнирге әлемнің 23 елінен 572 спортшы қатысты.

Азия чемпионатында классикалық шахмат бойынша тоғыз турды артқа тастап Алматылық Димаш Тулендинов бірініші орынға ие болды. Ал Қызылордалық Назерке Нұрғали күміс жүлдені қанжығасына байлады. Қола жүлдені Атыраулық Зарина Нұрғалиева және Шымкент қаласынан келген Зейнеп Сұлтанбек, оңтүстік астаналық Алуа Нұрманова және Ксения Балабаева жеңіп алды.

Рапира және блиц турнирлерінің нәтижессі бойынша қазақстандық жас қатысушылар 8 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль  жеңіп алды. Классикалық турнир бйоынша барлық қатысушылар ФИДЕ шеберлігіне үміткер атанды.

Аталмыш чемпионат Шри-Ланка қаласындағы Калутара қаласында болып өтті. Онда Азия мен Океанияның шахмат федерацияларының жас спортшылары классикалық шахмат, жылдам шахмат және блиц ойындарын бойынша бақ сынасты. Турнирге алты жас категориясы бойынша 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатысты.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636