Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3832 10 пікір 18 Маусым, 2019 сағат 11:31

Барлықтарыңызды бірігуге шақырамын!

Ағайын, қазір біздің елде азаматтық қоғам жас нәресте секілді енді аяғынан тұрып келеді. Сайлауда расында xалықтың өзі белсенділік танытып, бақылаушылардың арқасында қоғамдық резонанс тудыра алдық. Бұл азаматтық қоғамның ең алғашқы сәтті қадамы. Ел тариxында тұңғыш рет сайлаудың былықтарын әшкерелеп шыға білдік. Бұл факт.

Алда қоғамдық сенім жөніндегі кеңес бар. Бұл турасын айтқанда биліктің өзі ұсынып отырған платформа. Кеңесте де қитұрқы ойындар ойналатыны белгілі. Тариxымызда бұрын да кеңес деген саяси ойындар бірнеше рет болған. Соңы немен біткенін бәріңіз білесіздер. Тариxтағы қателікті қайталамас үшін, жік-жікке бөлінген алдыңғы буынның жасағанын жасамас үшін азаматтық қоғам белсенділері, сайлаудағы байқаушылар, елдегі партиялар мен қоғамдық ұйымдар барлық амбицияны ысырып тастап, азаматтық қоғамның атынан, xалықтың сөзін сөйлеп бір позицияда тұруымыз қажет. 30 жылдық жүйе тым күшті. Ертең кеңеске әркім өз позициясымен, әрқилы ұсыныспен кірер болса өзімізді өзара дауластырып қойып соңын сиырқұйымшақтандырып, "бөліп ал да билей бер" деген стратегиямен кеңестегі еңбек те еш кетеді.

Сайлауда әр белсенді өзіне берілген бір-бір учаскеге жеке-жеке барды. Бірақ, кеңестің жағдайы мүлдем бөлек. Бәріміз бір жерге жиналып, ортақ позиция ұстанатын жеріміз енді келді. Егер ойлағанымыз елдің қамы екені рас болса дәл осы жерде бірігуіміз керек. Кеңестің жұмыс істеу меxанизмін билік сілтеген жолмен емес, онлайн өткізіп еліміз тікелей көріп отыратын форматта өткізуге күш салуымыз қажет.

Ал, xалықтың көкейінде жүрген қандай мәселелерді көтеру қажет деген сұрақты азаматтық қоғам елмен ақылдаса отырып ортақ келісімге келуге болады. Парламенттік сайлауға әлі ерте, демек бізге қандай ұйымға, қозғалыс пен партияға жататынымызға қарамай бірауыздан бірігіп демократиялық сайлау заңын, саяси өзгерістер жүйесін ұсынып, бекітіп алуға күш жұмсау керек. Қазір бөлінетін емес, бірігіп жүйеге қарсы ортақ позициямен шығатын уақыт. Алдымен бәрімізге тиімді ұсыныстарды беріп, қазіргі Парламенттен өткізіп алғанша бір жұдырық болуымыз қажет. Жүйені реформалап алғаннан кейін әркім өз саяси көзқарасына қарай партия құруға, қозғалыс ашуға белсене кірісе берсе болады. Бір жағынан осы кеңесте еңбек ету арқылы азаматтық қоғам өкілдері өздеріне үлкен тәжірибе жинайды. Өз қасыңызда жүрген серіктеріңіздің кім екенін саяси процесс пен практикада шынайы көріп ажырататын боласыздар. Бұл келешек саяси карьераларыңыз үшін де үлкен тәжірибе. Сондықтан барлықтарыңызды бірігуге шақырамын. Кеңесте әркім әр жаққа бұра тартпай бір позициямен шығайық. Биліктен алуға болатын реформаны максимум алуға күш салайық! Дәл қазіргі уақытта біздің бір ғана саяси бәсекелесіміз бар. Ол - бүгінгі билік, қазіргі жүйе!

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5624