Жексенбі, 24 Қараша 2024
Шұғыл! 6381 11 пікір 24 Маусым, 2019 сағат 11:11

Арыста жойқын жарылыс болды: Видео мен фото

Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс болды.

"Бүгін, 9.20-да өртсөндіру қызметінің пультіне Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім территориясында қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды", - деп хабарлады ІІМ ТЖК өкілдері.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 24 маусымында Түркістан облысы Арыс елді мекенінің жанында орналасқан ҚР ҚК-нің қару-жарақ қоймасының бірінде оқ-дәрілер жарылып, арты өртке ұластықанын да хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша қазіргі уақытта зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Қорғаныс министрлігінің басшылығы атынан оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілді. Қарулы Күштеріндегі жеке құрамның күштерімен оқиғаның салдарын жою іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр.

Ал, әлеуметтік желілерде халықтың жаппай қаланы тастап қашып жатқаны туралы бейне-жазбалар тарауда.

Әлеуметтік желі қолданушылары жарылыс болған сәттің видеосын желіге жүктеп жатыр.

Dudoser instagram-паблигінде куәгерлердің жарылыс болған сәттің видеосы жарияланған.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайды. Тәулік бойы 8/7252/44-94-72 немесе 8/7252/35-33-66 телефон нөмірі бойынша сіз қажетті ақпаратты ала аласыздар.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің қарасы көбейіп келеді. Дәл қазіргі уақытта Шымкент қалалық №1 ауруханаға жалпы саны 21 адам түскен.

Оның ішінде бесеуі 6 жасқа толмаған балалар. Оларды облыстық балалар ауруханасына жөнелтті. 4 бала қазір аталған ауруханада. Қалғандарын облыстық ауруханаға әкетіп жатыр.

Шымкент қалалық №1  аурухананың бас дәрігері Абылай Донбайдың айтуынша, зардап шеккендердің үшеуі ауыр жағдайда.

«Адамдар қазірдің өзінде келіп жатыр, оларды қабылдаймыз және дереу қажетті көмек көрсетеміз. Біз зардап шеккендерді қабылдауға дайынбыз», — деді Шымкент қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай.

Азаттықтың жазуынша осыдан он жыл бұрын, 2009 жылы наурызда Арыстағы қоймада жарылғыш заттар жарылып, сақтаулы тұрған қару-жарақ атылған. Оқиға кезінде төрт адам қаза тауып, жиырмаға тарта адам жапа шеккен еді. Ресми билік жарылысқа қоймадағы қарудың дұрыс сақталмауы мен жарылғыш затпен дұрыс жұмыс істемеу себеп болды деп мәлімдеген.

2014 жылы Арыс қаласындағы "Қазақжарылысөнеркәсібі" акционерлік қоғамы аумағында жарылыс болып, екі адам қаза тапқан.

2015 жылы қарашада қаладағы полигон аумағында жарылыс болып, бір адам мерт болды. Ресми ақпарат бойынша, жарылыс әскери оқ-дәрілер мен өндіріс қалдықтарын жою кезінде болған.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572