Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 9206 11 пікір 25 Маусым, 2019 сағат 13:00

Арыс апатының саяси астары болуы ықтимал...

Неге өзінен өзі бомба - снаряд жарылады? Неге жауапты құрылым мекеме өз міндеттерін орындай алмайды? Неге ең болмаса осындай қауіпті орындарда нағыз мамандар емес тамыр-таныстыққа жол беріледі?

Бұл елде коррупция дерті неге шексіз жайылып кетті? Неге биліктің тағайындаулары лайықты мамандарға емес, "любимщик" жолдыбайларды таңдайды? Сонда билікке мемлекет тағдыры ойыншық па? Неге біз осылай тек салдарлармен күресеміз? Мемлекет деген киелі институт болса, неге оның киесінен қорықпаймыз?..

Біздің соғыс - қорғаныс саласы бейбіт жарылыста мынандай хәлде ал соғыс болса не болады? Негізі "апат айтып келмейді" деген сөз табиғи жағдайларға арналған. Ал мына апат нағыз жауапсыздық пен салғырттықтан, сосын білім мен ғылымнан мақрұм қалған министрліктің кесірінен деп ойлаймын. Немесе оның басқа бір саяси астары болуы ықтимал...

Білмеймін. Себебі дәл осы типтегі апат дәл сол жерде сан рет неге қайталана береді? Білетіндер жауап берсін. Ұйқыдан қалдық...

Досай Кенжетайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

 

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5553