Жексенбі, 24 Қараша 2024
4313 5 пікір 26 Маусым, 2019 сағат 18:26

Президент жарлығы бізге үлкен көмек болды - Әйгерім Жоламанова

Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар жандардың несиесін жабу жөніндегі жарлыққа қол қойғанын естігенде қуаныштан жыладым. Президенттің шешімін өте батыл қадам деп бағалаған талдықорғандық Әйгерім Жоламанова осылайша ақжүрегінен ақтарылды.

Әйгерім Жоламанова тұңғышының 1-ші топтағы мүгедек екенін айтады. Пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартқан жан 2017 жылы 2 жылға несие алып, бір жылдан кейін төлей алмадым дейді.

«Каспий банктен 1 млн теңге алғанмын. Баламның еміне. Бір жылын төледім. Ары қарай төлей алмадым. Қазір банкте қара тізімдемін. Жаным әбден қиналып жүрген болатын. Президент көпбалалы аналардың, мүмкіндігі шектеулі баласы барлардың несиесін кешіру туралы жарлыққа қол қойды дегенді естігенде, қуаныштан жыладым. Бұл біз сияқты қиналып жүрген жандар үшін үлкен көмек. Осы кредиттің кесірінен бар тапқан табысымыздан айырыламыз. Тапқан табысымызды несие төлеуге жұмсаймыз. Енді кредитімізді кешіріп жатса, бұл қаншама мыңдаған отбасы үшін үлкен көмек болар еді. Президенттің халықтың жанына батқан мәселені қолына алғаны үшін алғысымыз шексіз»,- деді мүгедек баланың анасы  Әйгерім Жоламанова.

Әйгерім Жоламанова 7 жылдан бері пәтер кезегінде тұрғанын айтады. Бірақ жеті жылда кезегі 132 адамға ғана жылжыды деп қынжылады.

«Үй кезегіне 666 болып тіркелдім. Жеті жылда тек  534-орынға ғана жылжыпты. Баспана қашан бұйырады білмеймін. Бірақ үмітімді үзбеймін»,- дейді 37 жастағы Әйгерім.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555