Жексенбі, 24 Қараша 2024
3541 0 пікір 26 Маусым, 2019 сағат 18:27

Арыс тұрғындарының денсаулығы бақылауда

Арыс қаласында орын алған апатты жағдай барлық қазақстандықтарды біріктіріп, ешкімді бей-жай қалдырмады.

Әрине, ең мейірімді мамандық иесі – дәрігерлер де өз кәсіби парызын ғана емес, азаматтық борыштарын да атқарып, қала тұрғындарының денсаулығын сақтап нығайтуға барлық күштерін салуда. Түркістан облысының медициналық ұйымдары және сол өңірге аттанған еліміздің медицина қызметкерлері тәулік бойы қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Пациенттер дәрігерлердің жіті бақылауында, олар қажетті дәрілік заттармен, гигиена құралдарымен, тамақпен қамтамасыз етілуде. Балалардың денсаулығы басты назарда.

Қайырымдылық көмек ретінде әкелініп жатқан азық-түліктерді эпидемиолог мамандар тексеруден өткізуде. Ауа температурасының жоғары болуына байланысты, эвакуацияланған халық арасында жұқпалы инфекциялардың алдын алу және таралмауы бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының Арыс қаласындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай санитариялық дәрігерлерінің бақылауында. Қаладағы төтенше жағдайға байланысты, облыс бойынша уақытша ашық тұрған эвакопунктерден су, азық-түліктерге  (көкөністер, жеміс-жидектер, ет) қосымша сынама жасалды.

Ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында, Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мамандары кеңес береді:

- жеке гигиена қағидаларын сақтау қажет, тамақ ішер алдында, дәретханадан шыққаннан кейін және көшеден келгенде қолды жақсылап сабынмен жуу қажет;

- бөтелкедегі ауыз суды ішкен жөн;

-  көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуу керек;

- азық-түліктерді жәндіктерден, шыбын-шіркейлерден, кеміргіштерден және үй жануарларынан  қорғалған жерде сақтау қажет;

- азық-түліктерді тасымалдау және сақтау үшін таза қаптама қолдану қажет (полиэтилен, қағаз, азық-түлікке арналған контейнерлер), температуралық режимді сақтау керек;

- тез бұзылатын азық-түліктерді (сүт, ірімшік, қаймақ, ет және балық өнімдері, салаттар, кремі бар аспаздық өнімдер) сатып алған немесе әзірлеген күні пайдаланған жөн;

- азық-түлікті жекеменшік тұлғалардан, рұқсат етілмеген жерлерден сатып алмау керек (көшеден, жолдың жиегінде), өйткені ондай азық-түліктердің жарамдылық мерзімі өтіп кетуі немесе санитариялық нормаларды сақтамай әзірленуі мүмкін;

- ішек бұзушылығының алғашқы белгілері анықталған жағдайда, дене қызуы көтеріліп немесе әлсіреген кезде өзіндік емдеумен айналыспай, дереу медицина қызметкерлеріне жүгіну қажет.

Күннің ыстығы да өте қауіпті, сондықтан Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары жоғары ауа температурасы жағдайында мінез-құлқы қағидаларын сақтау мәселесін де қозғауда:

Күннің ыстығы ағзадағы қан айналымы жүйесіне кері ықпалын тигізеді, бұл сусыздануға әкеледі, ағзадағы сұйықтық жойылып, қан ұйып қалады, сонын салдарынан тромб түзіліп, қан тамырлары тарылады. Ағзадағы жүректің қызмет етуіне  және жүрек ырғағын сақтауға қажетті минералды тұздар, оның ішінде калий және магний кеми бастайды. Осылайша, ағзаның тыншуынан гипертония, инфаркт және инсульттің даму қаупі пайда болады.

Қан айналымын жақсартуға ықпалдасатын үздік профилактика түрі қажетті ылғалдылық деңгейін орындау болып табылады.  Күннің ыстық уақытында суды көп ішу қажет, оны қажетінше және кіші мөлшердегі порциялармен ішу керек.

Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларымен зардап шегетін адамдарға сағат 11:00-ден  18:00-ге дейін күннің астында жүруге болмайды.

Ыстық күндері түскі уақытта күнге күйіп қалмас үшін көп уақытты көлеңкеде өткізу қажет.

Психо-эмоционалдық стрестен аулақ болуға тырысыңыздар.

Ақпарат алу үшін ресми мәліметтер көздерін - әкімдіктердің, министрліктердің және басқа мемлекеттік органдардың web-ресурстарын пайдаланыңыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560