Жексенбі, 24 Қараша 2024
3691 0 пікір 28 Маусым, 2019 сағат 11:14

«Рәміздерім – Тәуелсіздік бойтұмарым!»

Мемлекеттік  рәміздер - ұлт тәуелсіздігін айқындап қана қоймай, еліміздегі азаматтардың мемлекет тәуелсіздігі мен оның рәміздерін сондай-ақ, рухани құндылықтарын құрметтеуге азаматтық парызы ретінде үндейді.

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде мемлекеттік рәміздердің алатын орны ерекше екендігі әмбеге аян. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың тілімен айтқанда: «Мемлекеттік рәміздер – біздің еліміздің, тәуелсіздігіміздің бөлінбейтін бір бөлігі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын бейнелейді».

4- маусым Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай қаламызда «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігінің тікелей ұйымдастыруымен  Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасымен  бірлесе отырып жасаған  ҚР  Ішкі істер Министрлігінің М.Есболатов атындағы Алматы академиясының 250ге жуық курсантарының қатысуымен «Менің Рәміздерім» деген атаумен   флешмоб болып өтті.

Флешмоб-акция  қоғамдық қордың бекітілген жылдық  жоспарындағы соңғы іс-шара болып табылуына қарамастан ару қала Алматы баурайындағы Тұңғыш Президент саябағы, Арбат, Республика сарайының алаңы, Абай алаңы,

А.Байтұрсынов атындағы мұражайда болып өтті.

Аталмыш іс-шара барысында қатысушы курсанттардың белгіленген бір тобы үстеріне киген салтанатты форма, кәсіби би-жүрісі көрермен санатындағы жасөспірім мен жастардың Отанға, Отанды қорғауға деген патриоттық сезімін оятса,   мемлекеттік рәміздер бейнеленген футболка, бейсболка киген келесі топтағы курсанттар бір мезетте көзтартар қимыл-әрекеттерімен қолдарындағы көк байрағын көк төсінде желбіреткенде, жалпы көрерменнің жанын тебірентіп,  елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, рухын асқақтатты.

Өскелең  ұрпаққа өнеге боларлық мерекелік іс-шараның  жоғары деңгейде өткенінің әсері болар көрермендер көпке дейін қол соғып,  қатысушы курсанттардың өзі көпке дейін қайтуға асыққан жоқ.

«Жастар жылы» аясында осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың ұдайы өтіп тұруы зайырлы ел өркениетінің дамуына мол септігін тигізері хақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566