Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4865 9 пікір 1 Шілде, 2019 сағат 11:14

Діни догматтардың әсерінен зайырлы мемлекет орта ғасыр заманына бір-ақ түсті

Мына қолымдағы кітап «Государь» деп аталады. Авторы Италия философы Николло Макиавелли.

Мықты кітап екен. Бүкіл диктаторлардың жұмыс үстелінде жататын кітапқа айналған бұл еңбек, сонау ХIV ғасырдан бері келе жатыр. Көбі осы кітапқа сүйеніп, билікті жүргізген. Тіпті Сталин де.

Макиавелли бұл кітапты жазу себебін патшасына былай түсіндіреді.
«Әдетте адамдар патшаға жағу үшін, онымен жақсы қарым-қатынас орнату үшін түрлі бағалы сыйлықтар сыйлап жатады. Алтын әшекей, жүйрік тұлпар деген секілді. Менің сізге беретін ешқандай бағалы сыйлығым жоқ. Бар болғаны осы кітабым ғана. Бұл кітап сізге билікті ұзақ уақытқа ешбір қиындықсыз сақтап қалуға көмектесер деп сенемін» ,- дейді де билікті қалай ұстап тұру керектігін тәптіштеп, мысалдармен түсіндіріп, жазып береді.

Ішінде оқып отырсаң барлығын жазған екен. Соның бірі:
Бір елді жаулап алған кезде, сол елдің жұрты саған қарсы шығып, бас көтермес үшін, біршама адамдарды көшіріп, басқа қалаға орналастыр, ал оның орнына басқа қаланың адамдарын көшіріп әкел. Сөйтіп, екі танымайтын жұрт бір-бірін бөтенсіп, жерге таласып, жердің иесі кім екенін дәлелдеумен, шайқасып-ақ шаршайды. Кейін, шайқастан шаршаған жұрт сенен көмек сұрап, дауды шешіп беруін өтінеді. Саған бас көтеруге, сенің идеяңа қарсыласуға деген ойы да болмайды, - дейді.

Осыған қарап-ақ кезінде қазақ жеріне өзге ұлттардың не себепті көшіріліп әкелгені туралы біле беруге болады екен. Біздің ауылда түрік, орыс, сыған, күрді, дұңған, ұйғыр ұлттары тұрады. Мектеп оқып жүргенде бір-бірімен төбелесіп жүретін. Ал, билікте не боп жатқаны ойға да келмейтін.

Бұл еңбек алғаш жарық көргенде ғалымдар мен діншілдердің қудалауына түскен. Кейін Макиавели дүние салып, бір ғасыр өткеннен кейін терең зерттеуден өтіп, ғалымдар тарапынан оң бағасын алып, Макиавеллиді ұлы философ деп бағалайды.
Бұл еңбектің пайдасы сол ғана: Макиавелидің заманында елді қазіргідей үкімет емес, дін басқаратын. Патшаның құзіреті шіркеуден төмен болғасын, патша шіркеуге бағынатын. Ал, шіркеудегі діни догматтар Құдайдың атынан сөйлеп, ойына келгенін істеп, елді шаршатқасын Макиавелли елді діни емес, патшалық басқаруға беру керек деген оймен осы кітапты жазып шығады.

Бұл кітапта тағыда діннің үкіметке пайдасы мен зиян жағы айтылған. Ол айтады:
Дінге сенетін жұртты басқару оңай, жаулап алу қиын. Мұндай елде патша қолындағы билігінен айырылып қаламын деп алаңдамайды. Себебі, ол қатып қалған Тәңірден түскен діни заңдарды қолданады. Кейін оның билігіне ешкім қарсы шықпайды. Себебі, патшаның сөзіне қарсы шыққаның Тәңірге қарсы шыққан болып есептеледі. Бұндай елде патша билігінен айырылып қаламын деп еш алаңдамаса да болады. Себебі, жұрт Құдайдың емес, патшаның айтқанына Құдайындай сенеді.
Тек, өзіне сенімді, ұлы мақсаты бар ержүек азамат қана бұндай жүйеге қарсы шыға алады, - дейді.

Енді, осы дін тұрғысында өзіміздің елге оралсақ. Қазақ жұрты дінге өте берік халық. Қазақ үшін діннің орны төрде. Бірақ, қазақтар 70 жыл бойы большевиктердің кесірінен діндерін ұмытып, 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін жарығы сөнген дінін қайта жандандыруды қолға алды. Сөйтті де, шетелге дін оқып келсін деп азаматтарды оқуға аянбай жіберді. Бірақ, психоаналитик Эрих Фроммның айтуынша: діннің өліп, қайта жандануы ол ел үшін өте қауіпті. Себебі, ол елдің 90 пайыз халқы оригинал дінді ешқашан көрмеген, сондықтан да ажырата алмайды. Дін оқып келем деп кеткен жастардың да оригинал дін қандай екенін ажырата алмай, не оқытса соны оқып келеді. - дейді.

Айтқанына келсіпеске уәж жоқ. Себебі, біздегі шетелден дін үйреніп келеміз деп кетен жастар өшкен дінді қайта жандануына, елдің ілгері дамуына, ешбір үлес қоса алмады. Керісінше тежелтті. Олар сөзсіз, құранның басынан аяғына дейін әріп-хәрпіне дейін айнытпай жаттап, қирағаттап оқуды үйренді. Алланың қай жерде не дегенін үйренді. Бірақ, ең негізгісі бұл үйренгенін қай жерде қалай қолданарын, қалай түсіну керегін үйрене алмады. Осы күйі құры құран, хадистерді жаттап келді. Бұл әлі бергі жағы. Ең қауіптісі, қай елде оқыса сол елдің салт-санасын қоса әкелді. Сөйтті де, Түркияда оқығандар түрікше, Арабияда оқығанда арабша, Мысырда оқығандар мысырша тәпсірлей бастады. Үйреніп келген біліміне сай келмейтін қазақ ұлтының салт-дәстүрін, ырым-тиымын Аллаға, құранға қайшы деп өзгерістер енгізе бастады. Мың жылдан бері бір ұлтты ұлт ретінде, көрсетіп тұрған асыл жол-жоралғылар беташар, домбыра, жеті шелпек, зияратқа мін тағып, ұлтты жойып жіберуге шақ қалды. Олардың діни білімімен қоса сыртқы түр-әлпеттері, қимыл-қозғалыстары, қоғамда өздерін ұстау мәнері де түбегейлі өзгеріске ұшырады.

Эрих Фром айтады: Көзі ашық, көкірегі ояу азамат өзін қоғамнан артта қалдырмайтын, ілгері дамытып отыратын, рационалды әрі шығармашыл ете алатын жүйені таңдайды. Ал, санасының дамуында тежеліп қалған индивид өткен шақтағы қарабайыр әрі иррационалды жүйені таңдауға мәжбүр болады. Бұндай жүйе сөзсіз, адамның дамуын тежеп, надандығын күшейтіп, түбінде мың жыл бұрынғы жүйенің басында тұрған тұлғалардың деңгейінде қалып кетеді.

Міне, дінді тек тіл мен сүйекке қондырған азаматтар елге оралғанда діннен хабары жоқ жұртты жаппай сынап-мінеп Құдайдың қаһарына ұшырайсыңдар деп қорқытумен болды. Бұл да әлі бергі жағы. Енді, бұл дінге ұрынғандарға Эрих Фром айтпақшы санасының дамуында тежеліп қалған елдегі мыңдаған азаматтар кеп қосылды. Ілім-білімге еш құмары жоқ, санасының өсуін еш ойламайтын азаматтар жоғарыдағы дін үйреніп келгендердің айтқандарын айтып, істегендерін істей бастады. Сөйтті де, арада 20 жыл ішінде зайырлы мемлекет орта ғасыр заманына бір-ақ түсті. Мұндай тәртіп, ұстанымдарды ғылымда «иррационалды этика» деп атайды. Яғни, санасының сүзгісінен өтпей, дұрыс-бұрысын ажыратпай қабылданған тәртіп. Осындай иррационалды этиканың кесірінен тіс пастасы бола тұра, мисуәкті қолданып, ұстара бола тұра сақалдарын өсіріп, айнала тап-таза болса да балақтарын кесіп, мың жыл бұрынғы әдіс-тәсілдерді қайта қолдана бастады.

Бұндай діншілдердің істеген былықтарын айта берсе таңды таңға атырып айта берсе болады. Оны көзі ашық азамат өзі-ақ айтпаса да күнделікті өмірде көріп жүр. Ең аяныштысы, бұндай соқыр дінге елдің бетке ұстар азаматтары, асыл элитасы боп саналып келген көптеген әнші-жыршы, спортшылары ұрынды. Олардың артында тұрған жұрт оларға Құдайындай сеніп, олармен қоса ұрынды.
Осылайша, 70 жыл бойы коммунисттердің езгісіне төтеп беріп, зорға құтылған қазақ елі шетелден дін оқып келгендерден жоғалтқанын тауып, ескіргенін жаңартып, елдің болашағын жарқыратамыз деп үміттеніп отқанда, керісінше коммунисттерден жүз есе қиянат көрді.

Қоғамдағы билік тарапынан болған әділетсіздіктерді «Барлығы Алланың қалауымен боп жатыр, Алла сынап жатыр, жазалап жатыр, барлығы ниетке беріліп жатыр» деп «пан-детерминисттік» көзқарасты жаппай таратып жіберді. Пандетерминизм дегеніміз – ешбір қимыл, іс-әрекет Алланың қалауынсыз болмайды. Барлық құбылысты Алла істеп отыр деген мағына береді. Әлбетте, ғылым пандетерминизмді дұрыс деп қабылдамайды. Оған тек сауаты жоқ дінге ұрынғандар ғана иманындай сенеді. Өз кезегінде бұл пандетерминисттік көзқарас дінге сенетін жұрттың қоғамдағы ориентациясын өзгертіп, «рецептивті» қылып жіберді. Яғни, барлық адамға керек нәрселер (махаббат, мативация, ой, білім, рахат күй, материалды жағдай) «сырттан» беріледі. Бұндай ориентациядағы адам діншіл болса керек нәрсесін тек Құдайдан күтеді. Тек, құлшылығыңды мүлтіксіз орындасаң, тәртіпті болсаң болды. Бірақ, өзіне керек нәрсесіне қол жеткізу үшін еш әрекет етпейді.

Әзірше, біздің қоғамда пан-детерминизм өршіп тұр. Санаға қозғалмастай етіп, сіңіп қатып қалған. Ондай көзқарастан шығу әлбетте қиын, бірақ болады.

Міне, ақыр аяғы, осындай діндегі шатасып кеткен қарама-қайшылықтардың себебінен кітап оқыған кейбір азаматтар дінге деген көзқарастары өзгеріп «дін деген адамдарды манипуляция жасау үшін ғана ойлап табылған» деген түсінік қалыптастыра бастады. Бірақ, бұл да тығырыққа апаратын жол екені сөзсіз. Ал, «жөні түзу ориентация қандай болады, дін адамға не себепті керек және оригинал дінді қалай табамыз» деген мәселені келесі жолға қалдырайық. Әзірше діннен шықпай қоя тұрыңыздар.

Амангелді Мейрамбекұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1454
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5258