Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5113 0 пікір 4 Шілде, 2011 сағат 05:02

Шалқыма Құрманалина. Алаш құндылықтары негізінде ұлттық сананы қалыптастыру

 

 

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы саясатында ұлттық мемлекеттілікті нығайту басты басымдықтардың бірі болып отыр.
Қазіргі тарихи кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру.Ұлттық сананы қалыптастыру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алу орынды. Тәуелсіз елде Алаш даналарын тарихи сахнаға қайтарып, ұмытылмас тарихи тұлғалар тағылымына тағзым етуді жастар саясатының бір бағытына айналдыру өте орынды болмақ.«Кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері сынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым. алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, оны осы заманға шындыққа бейімдеу еді» [1, 173-бет].
Егемендік алып, еркіндікке, тәуелсіздікке колымыз жеткенде, "Алаш" үғымы көк байрағымыздың желбіреуімен сабақтасып, әлемге өткір үнімен естіліп, қуанышымыздың символ-ұраны болып жаңғырды. XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. «Олар өз кызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалылығын сақтау, сонымен бірге, оның тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шындау деп санаған», - деп көрсетеді Н.Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында.
Олар, ұлт зиялылары Ә. Бөкейханов,М. Дулатов.Ә. Ермеков, X. Ғаббасов,
А. Байтұрсынов, X. Досмұхамедов. Ж. Досмұхамедов, т.б қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі, ең алдымен, дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. Қазақ халқының көшбасшысы болған зиялылар жаңа қоғам құру сәті келгенін айқын түсініп, жаңа жағдайдағы саяси күрес жолына шықты.
1917 жылғы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында Орал облысы қазақтарының I съезі өтті. Съезге 800-ден астам делегат қатысты.
Ж. Досмұхамедов басшылық еткен бұл өкілетті жиын қазақ жұрты көптеп тұратын алқапты басқарудың жүйесін анықтады, қазақ зиялылары ескі мемлекеттік аппараттың жергілікті органдарын түгел жоюды белгілеп, ауылды, болысты, уезді және уалаятты басқарудың тиісті өкімет және атқарушы органдары туралы 100 баптан тұратын уақытша Ереже қабылдады. Таң қалдыратыны жергілікті өкімет пен басқару органдарының барлық салаларының құрылымы мен міндеттерін жан-жақты анықтап, теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан да шешуге мүмкіндіктерінің жеткілікті екендігін көрсетті. Мысалы, күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді: Бүкілроссиялық мемлекет құрылысы; Қазақ облыстарының автономиясы; Жер мәселесі; Милиция құру; Земство; Халык ағарту ісі; Сот туралы; Дін жөнінде; Әйел теңдігі. Бүкіроссиялық құрылтайға әзірлік халық ағарту ісін қанағаттанғысыз деп тауып, мұғалімдер съезін өткізу жоспарланды. Оралда гимназия бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақ қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік /ремеслендік/ мектептің үйіне орналастыру белгіленді (қазіргі облыстық өлкетану мұражайының ғимараты), Қазақ тілінде газет, кітапшалар шығару шаралары жүзеге асырылуы туралы айтылды. Қорыта айтқанда, «Орал облыстық қазақ съезі шешімдері» арқылы Ж. Досмұхамедов басқарған Уалаяттық Қазақ Комитеті 1918-1919 жылдары ұлттық мемлекеттік-саяси құрылым ретінде дүниеге келген Ойыл уалаятының қызмет жүйесінің негізін қалады.
Кезінде Жаһанша:«Біздің максатымыз - ел билеуді халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады десе, қазір Президент партияның Саяси кеңесіне қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» еліміздің барлық халқының мүддесін қорғайтын шын мәніндегі көшбасшы партияға айналып отырғанын атап көрсетті.
Президент «Нұр Отан» партиясы дамуының жаңа кезеңі басталғанын, ол Қазақстандағы жүйелі өзгерістердің басты жолсерігіне, елдегі бұқаралық саяси жұмыстын ең тиімді тетігіне айналуы тиіс екендігін атап өтті.
Ғасырдан астам уақыт бұрын басталған идеяның қазір жалғасын тауып, еліміздің қадамы нықталып, қарымы кеңейгенін, халықаралық беделінің артқанын көргенде, мен үлкен мақтаныш сезіміне бөленемін. Бұл ретте Н. Назарбаев бастаған «Нұр Отан» партиясы маңызды рөл атқаруда.
Кезінде Алаштықтар «Біздер тапқа, жікке бөлінбейміз - біртұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз, Жайық өңірін мекендеген басқа ұлттармен достық одақ жасап, араздасуға жол бермеуіміз керек, өйткені, ғасырлар бойы олардың тағдыры тығыз байланысты болды» десе, қазір "Нұр Отан" партиясы ұлтаралық татулық пен келісім, этностық және діни толеранттылық идеясын белсенді насихаттауда, партия мүшелері осы міндетті шешудің идеологы, локомотиві болып, патриотизмнің үлгісін көрсетулері керек деп ойлаймын. Жастарымыз ар-намыс, парызға сенімділік, парасаттылық, Отанымыздың өркендеуі жолындағы жасампаздық сияқты жоғары құндылықтардың жолын ұстанып өсуіне біз де жұмыстанудамыз.
Алаш партиясының желбіреген жасыл туы, кезінде бостандықтың символы ретінде халықты бірлікке, туысқандыққа шақырды. Қазақ шаңырағы бәріне де пана бола білді, саяси авантюристерден жолды бөгеу, қан төгіске жол бермеу үшін күресті де, қазақта бірліктің жоқтығына өкінді. Соған байланысты, қазақты дұшпаны біріне-бірін қарсы қойып, қан кақсатты. Сол кезде береке-бірлік әперетін әділдікті аңсаған алаштықтар елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндерге елді басқартты.
Жаһаншаның сол кезде сөйлеген сөздерінен біз бүгінгі тәуелсіз елдігімізді аңсағанын, соған жетудің жолдарын бір ғасырдай бұрын сезініп, бағытын белгілегенін және ауызбірлікке, тұтастыққа елді шакырғанын көреміз. Халықты ұлтаралық бірлікке үндеді. Осы жағынан алғанда, ол ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше, ұлтын сүйген ұлтжанды азамат екенін танытты. Елінің басқару жүйесі жөнінде, халқының болашақтағы тағдыры жөнінде, өскелең жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесі мен білім алу деңгейі жөнінде көршілес, еншілес өмір сүріп жатқан басқа ұлттар жөнінде өз пікірін халқы алдында айтып, халықты бірлікке шақыруы бүгінгі ең қажетті құндылық, ұлттық сананы қалыптастыру, әрі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің саясатымен үндесіп жатқанын көреміз. Біздің қазіргі басты міндеттеріміздің бірі - жас ұрпақты жалпы адамзаттық кұндылыққа негіздей отырып тәрбиелеу.
Философияда құндылық қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе қате мәнін (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсем мен көріксіздік) түсіну үшін қолданылады. Жалпы адамзаттық құндылықтарға философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар адамның құқығы, бостандығы, табиғат, ата-бабаларымыздан қалған мәдени мұра және соған сәйкес келетін тәрбие мен білім ұғымдарын енгізеді.
Жалпы адамзаттық құндылықтар - түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын, туыс ететін құбылыс. Ең биік құндылықтардың бірі - адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Келесі құндылық - адамға өмір сыйлаған адамның алдында бас ию. Туған жер, үй, отбасы құндылықтарынан адамның ары, абыройы нәр алып, қоректеніп, еркіндікке талпынысы, патриоттық, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Жалпы әлемдік құндылықтардың бірі - тәрбиенің қажеттілігі, басқа адамды жақсы көру. Адамның тағдыры әлемдік дүниемен, адамдармен, жыммен байланысты. Ұжым баланың өмірі мен қызметіне, оқушының жеке басы мен мінез-құлқына адамдардың көпшілігі жоғары бағалайтын адалдық, қайырымдылык, ізгілік, батылдық сынды маңызды қасиеттерді ендіреді. Ұжымшылдық - тиімді бірлескен қызмет, ынтымақтастық және ұйымшыл орта, топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық, басқаны түсіну, қамқорлық, оқушыны өзіндік пікірі бар тұлға ретінде қарастыру. Біз жастардың көзқарасымен келіспесек те, оны құрметтеуге тәрбиелейміз.
Құрмет - адамның кемшіліктерінен бұрын, оңды қасиеттерін көре білу. Қазір қоғамда дінге ынта-ықылас күшеюде. Дін - адам санасынан тысқары емес, қоғамдык өмірдегі сананың бір бөлігі. әлеуметтік ақиқат, шындық фактор. Сондықтан да, ағайын, алаш құндылықтары негізінде ұлттық сананы қалыптастыру бағытында кейбір ғымдардың мәні мен маңызына құлақ түре отырып, корытынды жасау керек. Алашорда қозғалысының жеңіліске жетуі неде жатыр, сол кезде кеткен кемшіліктер қазір қайталанбауы үшін оның басты себептерін айта кетуге болады:

  • бұқаралық сананың кемдігі:
  • ішкі әлеуметтік негіздердің жоқтығы;

• зиялылардың-халықты бастаушылардын арасында бірлестіктің болмауы: алауыздық, бір-бірімен айтысып, өзара тіл таба алмағандығы;
• тоталитарлық үстемдік орнатуға бағыт ұстаған күштердің халықты тапқа, жікке бөліп-қырғынға ұшырату әдісін қолдануы;
• кейбір елді артына ерткен адамдардың мансапқорлық дертіне ұшырауы сайып келгенде, олардың қызыл империя әмірін орындаушы-қолшоқпарына айналуы.
Алаш қайраткерлерінің қателерін қайталамай, партия қатарында болу коғамда мақтаныш пен құрметтің негізіне айналуы керек. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде Қазақстан қоғамы бірлігінің, топтасқандығының факторы болуы керек. Қазақстанда түрлі этнос өкілдері тұрады, бірақ еліміз - біреу. Біз қоғамды "қазақстандық" түсінік төңірегінде топтастыруға тиістіміз. "Біз - қазақстандықпыз. Қазақстан - менің Отаным, менің елім!". Біздің ұранымыз осындай. Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу арқылы ұлттық сана оянып, ұлттық идеяны алға тарту патриоттар тәрбиелеу, барымызды бағалау. Осыған сәйкес, бізге партия мүшелерінін, жас саясаткерлердін, әрбір қазақстандықтың жауапкершілігін жоғарылату қажет. Егер, сен партия қатарына өтсең, онда партияның мақсаттарын бөлісетініңді, оларды жүзеге асыруға белсенді қатысып жүргеніңді, "Нұр Отанның" беделін көтеруге ұмтылысыңды сөзіңмен емес, ісіңмен дәлелде, мемлекетіміздің нығаюы мен халықтың игілігінің өсуіне Алаш қозғалысы басшыларының, ұмытылмас тарихи тұлғалардың тағылымына тағзым ете отырып, өз үлесімізді қосайық. Бүгінгі біздің қызметімізге бір ғасырдан кейін келесі ұрпақ өз бағасын беретінін ұмытпайық. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.

 

Шалқыма Құрманалина,

педагогика ғылымдарының докторы,

Орал қалалық маслихатының депутаты,

Ж. Досмхамедов атындағы

педагогикалық колледждің директоры

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Н. Назарбаев. Тарих толқынында

«Ақиқат» журналы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364