Жұма, 22 Қараша 2024
4167 6 пікір 2 Шілде, 2019 сағат 10:22

Елімізде ет қымбаттады

Қазақстанда ет бағасы көтерілді. Саудагерлердің айтуынша, жанармай мен жем-шөптің қымбаттауы ет бағасына әсер еткен. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда қой, сиыр және шошқа етін экспорттау көрсеткіші артқан.

Алматы облысы Жетіген ауылындағы мал базардағылардың айтуынша, биыл мал құны әжептәуір көтерілді. Екі жасар қойды базарда 50-55 мың теңгеге ($130-$145), ал тоқтыны – 30–33 мың теңгеге ($78-$86) сатып алуға болады. Қозы бағасы 22 мыңға ($60) дейін барады. Ірі қара құны да көтерілген. Қашарды шамамен 200 мың теңгеге ($523) алуға болады.

Өткен жылы көктемнің аяғында қозы 15 мың теңгеге ($40), қой – шамамен 30 мың теңгеге ($80) бағаланған еді.

"Қазір базарда мал аз. Өйткені олар жайлауда. Саудаға әкелінгендерін үйде жемдеген. Сол себепті ет бағасына жем-шөп құны да кіреді", - деп түсіндірді саудагерлердің бірі.

Алматыдағы Көк базарда да ет бағасы қымбаттаған. Мұнда бір келі сиыр етін 1 600–2 000 теңгеге ($4-$5), жылқы етін – 2 200–3 000 теңгеге ($6-$8) сатып алуға болады. Қой еті 1 800-2 000 теңге ($5) тұрады.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, өткен жылы Қазақстанда миллион тоннадан астам ет өндірілген.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321