Бұл шаралардың мақсаты – 2020 жылы АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңындағы науқан кезінде қоғам пікіріне ықпал етуге жол бермеу.
Facebook 2016 жылы АҚШ президентін сайлауда троллингтер мен жалған ақпараттың жариялануына жол бергені үшін сын естіді. Америка әкімшілігінің өкілдері мұндай тәжірибе 2020 жылы өткізілетін халық санағына да нұқсан келтіруі мүмкін деп есептейді.
Бірқатар мәліметтер бойынша, бұған дейінгі халық санағында афроамерикалықтар, Латын Америкадан шыққандар, резервацияда тұратын аборигендер, баспана жалдайтындар мен жағдайы нашарлар саны азайтып көрсетілген. Трамп әкімшілігінің анкетаға азаматтық туралы сұрақ енгізу талпынысын Жоғарғы сот уақытша тоқтатып қойды. Сарапшылар мұндау сұрақтың қойылуы заңсыз мигранттарды халық санағына қатысудан үркітеді деп есептейді.
Abai.kz