Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2934 0 пікір 5 Шілде, 2011 сағат 00:21

Энергияны артық тұтынатын кәсіпорын артта қалған кәсіпорын болып саналуы керек - Н. Назарбаев

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Энергияны артық тұтынатын кәсіпорын артта қалған кәсіпорын болып саналуы керек.

Бүгін Астанадағы «Көрме» кешенінде «Қайратты көшбасшы - қуатты бизнес» атты форум барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Біз қазір Кеден одағы шеңберіндеміз, ДСҰ-ға кіруге ұмтылудамыз. Біз ұдайы бұған әзірленуіміз керек. Бұған әзірленіп, барлық шама-шарқымызша дайын болуымыз керек. Бұл қарапайым дүние емес. Кейбір бағытта біз өткен жылдары ішінде көп артта қалып қалдық. Енді бізге қуып жету емес, басып озуымыз керек. 2020 жылға дейін жаңа міндеттер қойылды - біз әлемнің инновациялық экономикасы қатарына енуіміз керек. Бұл қарапайым дүние емес. Сондықтан да, индустриялық бағдарламада ең алдымен инновацияға баса мән беруіміз керек», - деді Н. Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы экономиканың дамуындағы 5 позитивті тенденцияға назар аудартты. «Бірінші - бұл энерготиімділік. Бұнда тек жаңа технологиялар ғана энергияның тиімділігін береді. Егер кәсіпорын энергияны әлемде ғана емес, Қазақстандағы өлшемнен артық тұтынса, ол артта қалған кәсіпорын болып саналады. Сондықтан да, энергияны үнемдеу ең бірінші орында тұруы шарт», - деді Елбасы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377