Жексенбі, 24 Қараша 2024
4106 0 пікір 7 Маусым, 2019 сағат 14:55

Жастар жылында жастарға қолдау көп

2019 жыл қазақстандық жастар үшін жақсылыққа толы жыл болмақ. Жыл басындағы алғашқы бірнеше айдың өзінде мемлекет тарапынан ел жастарына деген үлкен қолдауды сезініп отырмыз. Бұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында айтылған тапсырмаларына байланысты екені бәрімізге белгілі. Елбасы сол жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.

Тұңғыш Президент мемлекеттің болашағы жастардың қолында екенін үнемі айтып жүреді. «Ел ертеңі – жастар» деген Елбасы сөзіне сай мемлекет тарапынан жастарды қолдау ісі бұрыннан күн тәртібінен түскен емес. Арнайы жастар жылының жариялануына орай жастарға деген сол қамқорлық бұрынғыдан бірнеше есе ұлғайды. Ел билігі жастарымыздың бүгіні мен ертеңгі болашағына қолдау мен қамқорлық көрсетуді мемлекет саясатының негізгі өзегі ретінде ұстанып келеді. Әсіресе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіре түсу бағытында көптеген тапсырмалар беріп келе жатқанын білеміз. Сол игі шаралардың шырқау шыңы 2019 жылдың жастар жылы болып жариялануы болды.

Биыл жыл басынан бері жастар жылы аясында жер-жерде жастарды қолдау мақсатында іс-шаралар өтіп жатыр. Оның бірінде жастардың оқып-білім алуына жағдай жасаса, екіншісінде жастардың кәсіп бастауына мұрындық болуда. Ал тағы бірінде жастардың рухани өмірін байыту үшін игі шаралар қолға алынуда. Сондай  іс-шаралардың бірі Маңғыстау облысында өтті. Жастар жылының аясында, мың жылдық тарихы бар көне өңір Маңғыстаудың марқа табиғаты мен мәнді тағылымын жастардың жадына сіңіру мақсатында облыстағы белсенді жастардың жазғы лагері ұйымдастырылды. Жастарды жауапкершілікке жетелеп, олардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру үшін тарихи орындарды танудың маңызы зор.

Жастардың төл мәдениетімізді танып білуі, түйсінуі үшін тарихи жадігерлерді жанына жақын тартып, жадына сақтап өсуі керек. Өскелең ұрпақтың өркениетті өмірден өз үлесін алуы үшін жан-жақты жетілген, білімді де, білікті болуы керек. Осыны көзде ұстаған маңғыстаулықтар жастарын жетелеп тарихи орындарды аралатып жүр.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауына сай жастар жылын шын мәнінде жастарды қолдайтын жыл ету жауапты басшылардың қолындағы іс. Мәселен біз сөз етіп отырған Маңғыстау өңіріндегі лагер Елбасының тапсырмасына сай жастарды рухани байытуға бағытталаған игі шара екені сөзсіз. Біз сөз етіп отырған лагер Маңғыстау облысы «Көгез» этно ауылында ұйымдастырылды. Аталған шараға облыстағы түрлі жастар ұйымдарының өкілдері, белсенді жастар, жас кәсіпкерлер мен дарынды жастар, үздік студенттер мен үздік оқушылар, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты.

Өңірдің ең үздік жастарының басын бір жерге қосқан осы игі шараға облыс әкімі Ералы Тоғжановтың өзі келіп қатысты. Әрі жалынды жастармен керемет табиғат аясында, тарихи-мәдени ортада кездесіп, белсенді жастардың төбесін көкке жеткізді. Кездесу бейресми форматта өтті. Соның арқасында өңір басшысының алдында жастар өздерін барынша еркін сезініп, өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қажетті кеңестерін алды. Облыс басшысы да жастармен еркін пікірлерсіп, олардың өңірді дамыту жайлы ойлары мен ұсыныстарын тыңдады. Әрі табысқа жеткен жастардың еңбек жолымен танысып, оларға шабыт берді әрі өгелереге үлгі етіп көрсетті. Сонымен қатар өңірде жастардың ауыл шаруашылығы мен туризм саласын дамытуға арналған ұсыныс-пікірлері мен тың идеяларына құлақ түрді.

Ералы Тоғжанов, Маңғысту облысының әкімі:

«Маңғыстау атауының Мыңжылдығы күні кеше облыс көлемінде бастау алды. Бұл -  рухқа тағзым, ата-баба аманатын орындау, жеткіншек ұрпаққа өнеге, тарих үшін тұғырлы белес деп есептеймін! Сіздер де осы бастаманы қолдап, әрі қарай жалғастырады деп сенемін. Бәріміз бірге атсалысып, ата-бабаларымыздың алдындағы парызды абыроймен орындауымыз қажет».

Ералы Тоғжанов сонымен қатар маңғыстаулық еркіті жастардың ерлігін атап өтті. Ол кісі өз сөзінде Қостанай олблысында өткен жастар форумында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңғыстаулық ерікті жастардың қызметін жоғары бағалап, ерекше атап өткенін мақтанышпен айта келе, өзінің де облыстық жастар ресурстық орталығы жанындағы «Еріктілер корпусына» абыройлы қызметтері үшін ризашылығын білдіретінін айтты. Ол кісінің айтуынша, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, оларға шаттық сыйлау – кез-келген адам үшін өте қуанышты іс. Сол үшін егемен елдің ертеңі болған жастар да осы асыл қасиетті бойларына сіңіріп өсулері қажет.

Ералы Тоғжанов, Маңғысту облысының әкімі:

«Жалпы, мені қуантатыны ерікті жастардың қатарының көбеюі. Жуырда Бейнеу ауданында 10 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер жиналып, жағдайы төмен отбасыға үй алып берген. Бұл үлкен бастама. Рамазан айында мұндай сауапты істі жасаған жастарымыз көпке үлгі».

Лагерге келген жастар тарихи орындармен танысып қана қоймай, ұлттық тамырына қан жүгіртетін қызықты ақпараттарға ие болды. Атап айтқанда  түрлі ұлттық ойындар ойнатылып, жастардың тарихи сана-сезімін өсіруге негіз қаланды. Бұл кеше жалынды жастар асық ату, арқан тарту, жамбы ату, көкпар, тоғызқұмалақ, ұршық иіру, аударыспақ, теңге ілу сынды ұлттық ойындардың қыр-сырымен қанығып, екінші жағынан нағыз далалық демалыстың дәмін татты. Сонымен қатар, Қызыл қала тарихи жері мен Шерқала - Айрақты тауына жастар саяхаты және жастардың экологиялық акциясы ұйымдастырылғанын ерекше айта кету керек.

Тағы бір ерекше айта кетерлігі, облыс көлеміндегі ағаш үй маңына дарынды суретші Бекежан Мерейдің картиналары қойылып, «Өнер» колледжі суретшілерінің ең жаңа пленері көрсетілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әр дайым дарынды жастарды қолдап келеді. Әр жыл сайын елдегі ең талантты жастарды қабылдап немесе оларға мемлекетттік стипендия тағайындап, олардың шығармашылық табысқа жетуіне өз көмегін аяған емес. Біз бұл сөздерді талантты суретші Бекежан Мерейдің суреттері жиналған жастардың шығармашылыққа деген құлшынысын оятқаны үшін айтып отырмыз.

Кездесу соңында облыс әкімі Ералы Тоғжанов жастармен бірге «Кешкі алауға» қатысқанын айта кетейік, Бұл жерде жастарымен тіпті де емін-жарқын жақыннан әңгімелесіп, олардың ойын тыңдады әрі өзінің құнды ақыл-кеңесін айтты. Жастар өңір басшысымен кездесуден үлкен сабақ алып тарасты. Тағы бір айта кетерлігі, осы кездесу барысында облыс жастары туризм және кәсіпкерлік тақырыбында семинартренингке қатысып, жобалармен таныстырды. Жастардың бұл үлкен құлшынысы әр адамның көңілінен шықты деп ойлаймыз.

Маңығыстау өңіріндегі осы кездесу Елбасы жариялаған жастар жылы аясында өтіп жатқан көптеген іс-шаралардың бірі ғана. Бұндай шаралар еліміздің әр өңірінде қолға алунда. Бұның бәрі елдің ертеңі болған жастар үшін үлкен қолдау, демеу екенін сөзсіз.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588