Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
3320 0 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 14:53

Қызылордалық құрылысшылар Арысқа аттанды

Арыста жарылыс салдарынан бүлінген үйлер жөндеуге қызылордалық 22 мердігер мекеме атсалыспақ, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бүгінгі таңда 17 сектордың барлығында жұмыс қызу жүріп жатыр. Арыстағы 104 көп қабатты, 7200 жеке тұрғын үй қорын жаңғыртуға еліміздің барлық өңірі жәрдем жасауда. Ең алғаш болып іске кіріскен өңірлердің қатарында іргелес Қызылорда облысы да бар. 16 көшеде орналасқан үйлерді түгел жөндеп шығуға кіріскен сырбойылық 22 мердігер мекеме тиісті жұмыстарды бастап та кеткен. Олар өздерімен бірге жүк көтергіш, тасымалдағыш техникамен қоса, құрылыс материалдарын жеткілікті ала келген. Сонымен қатар пластик терезе жасау, ағаш жону және темір-металл дәнекерлеу құрылғыларын да әкеліп, іске кірісіп кетті. Баспаналардың шатыры, есік-терезелері сынған. Жаңғырту шараларына 10 бригада жұмылдырылып отыр. Мердігер мекеме өкілдері өздеріне берілген аумақтағы құрылыс жұмыстарын тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

– Бұл жұмысқа қатыстырылған қазір бізде 3 камаз, 3 газель, 1 тиегіш барлығы қамтылған. Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан адам саны 30. Осы 1-2 күнде 120 адамға дейін тартамыз деп отырмыз, - дейді Қызылорда облыстық сәулет, құрылыс бақылау басқармасының басшысы Марсбек Молдабаев.

Abai.kz

0 пікір