Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3294 0 пікір 5 Шілде, 2011 сағат 00:24

СҚО-ның бес ардагері «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағына ие болды

ПЕТРОПАВЛ. 4 шілде. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов аймақтың бір топ ардагерлерімен, Социалистік Еңбек Ерлерімен кездесті.

Кездесу барысында өңір басшысы шақырылғандарды «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атақтарымен марапаттау салтанатын өткізді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Олардың арасында петропавлдық Василий Попов мен Мағауия Алазов, Тайынша ауданының Драгомировка ауылынан Иван Сазонов, Ғабит Мүсірепов ауданының Буденный ауылынан Василий Химич және Ақжар ауданының Бостандық ауылынан Жолаушы Рамазанов болды.

Бұл шешім облыстың мәслихаттың сессиясында ардагерлердің облыс экономикасына елеулі үлес қосқаны, қоғамдық қызметке белсене қатысқандары, халықтар арасында достықты нығайтқаны және Қазақстан Республикасының беделін арттырғандары үшін берілді.

Облыс басшысы бұл құрметті атақтың ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы үстінде берілгенінің маңызы зор екенін атап өтті. «Біз бұл жылы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарын мақтаныш етеміз», - деді С.Біләлов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379