Жексенбі, 24 Қараша 2024
2554 0 пікір 18 Маусым, 2019 сағат 17:46

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеуге 8 мыңнан аса ұсыныс түсті

Мектеп - білімнің астанасы, балалардың баспанасы. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Ендеше, мектептің алтын тірегі ардақты мұғалімдер екені сөзсіз. Мұғалім жайлы, ұстаз жайлы адамзат баласының айтар жыр-дастаны көптеп саналады. "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген сөз де мұғалімнің мәңгілік ұлылығын айқындап тұрса керек.

Мұғалім мәртебесін көтеру жайлы қоғамда сөз көп. Еліміздегі әрбір жақсы бастаманың көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев та ұстаз есімін ұлықтау жайлы аз айтып жүрген жоқ. Тіпті нақты тапсырмалар да берген. Біз бұл жерден өткен жылы бесінші қазанда жарияланған Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауы жайлы айтып отырмыз.

Аталған Жолдаудың екінші тарауы "қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру" болатын. Дәл осы бөлімнің төртінші тармашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ұстаздардың мәртебесін көтеру жайлы нақты тапсырма береді. "Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын" деді Елбасы Жолдауында.

Елбасының айтуынша, бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелердің барлық қызметкерлері үшін әртүрлі игілікті қарастырып, олардың жүктемесін азайтуға, оларды жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға бағытталуы тиіс.

Елбасының осы Жолдауы жариялана сала, мыңдаған ұстаздар қауымының төбесі көкке жеткен еді. Бұндай керемет бастама біздің ардақты мұғалімдеріміздің қоғамдағы орнын бірден биікке көтеріп тастаған. Елбасы өзі айтқандай биылдан бастап дәл осы «Педагог мәртебесі туралы» заң  жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Парламент отырстарында да бірнеше мәрте қаралды. Мәселен ақпан айында өткен талқылауда мәжілісмендер бұл заңның қажеттілігі мен өзектілігі туралы көп айтты. Депутаттар алғашқы кезекте, мұғалімдерді әлеуметтік қолдау, олардың кәсіби қызметінде құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне басты назар аударды

Ендеше, бұл заң мұғалімдерге қандай жеңілдіктер береді деген сауал төңірегінде азырақ айтайық. Мұғалім мәртебесі туралы заң ең алдымен мұғалімдердің үстемақысы өсіруді көздейді. Бұл жоба аясында әр ұстаз сабақ өткені, тіпті дәптер тексергені үшін де жоғары ақы алатын болады. Анықырақ айтқанда, бұл сома бұрынғыдан тура үш есе өтеді. Төмен жылдықтар үшін бұрын 3 500 теңге төленген болса, енді 10 600 теңге төлеу көзделге.

Мұғалімдер үшін бұдан да қуанышты жаңалық, олар енді зейнетке ерте шыға алады. Түсінікті етіп айтқанда, Білім және ғылым министрлігі 30 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдерді зейнетке ерте шығаруды жоспарлап отыр. Басқаша айтқанда, табан аудармай ширек ғасырдан аса жұмыс істеген кез-келген оқытушы зейнет жасын күтпей-ақ ертерек зейнетке шыға алады деген сөз.

Бұдан бөлек, мұғалімдердің жалақсын да айтарлықтай көтеру көздеген. Мәселен, мұғалімдердің лауазымдық жалақысына алдағы уақытта лауазымдық жалақының 25%-нен кем емес мөлшерде коэффициент қосылатын болады. Бұған қоса, өзі қаласа, ғылыми қызметпен айналысқысы келетін мұғалімге бес жылда бір рет кемінде 6 ай шығармашылық демалыс беру көзделген. Ең жақсысы, бұл аралықта оның еңбек өтілі мен жалақысы толық сақталатын болады.

Бұлардан тыс, мұғалімдерді баспанамен қамту, мұғалімдердің балаларына балабақшадан кезектен тыс орын беру мәселесі де қарастырылған. Бұл іспен алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдар айналысатын болады.

Көбіміз білетіндей, дамыған өркениетті елдердеа мұғалім мамандығы аса беделді әрі табысты мамандық саналады. Көп елдерде мұғалімдер елдегі ең беделді адамдар қатарына жатады. Өкінішке орай, біздің елде ұстаздардың беделі сәл төмендеп қалды. Осы мәселені шешу үшін Елбасы арнайы «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын дайындауды тапсырып отыр. Егер бұл заң қолданысқа енетін болса елдегі көп ұстаздың көңілін күпті еткен көп мәселе өз шешімін табарына күмәніміз жоқ.

Осы уақытқа дейін «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеу барысында сегіз мыңнан аса ұсыныстар түсіп, құжат мұғалімдердің қатысуымен жан-жақты талқыланып жатыр. Әрі бұл идеяны қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев та барынша қолдау көрсетуде. Еліміздің Тұңғыш Президенті мен қазіргі Президенті мұғалімдер қауымының мәртебесін көтеруге шындап кірісіп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608