Жексенбі, 11 Мамыр 2025
4636 1 пікір 5 Шілде, 2019 сағат 17:07

Арыста тағы жарылыс болды

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, инженер-саперлар қойманың дәл алдындағы аумақты оқ-дәрі қалдықтарынан тазалап жүргенде бір оқ-дәрі жарылып, артынша өрт тұтанған.

Өртті әскери өрт сөндірушілер сөндірген. Eшкім зардап шекпеген.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға төнген қауіп жоқ.

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі инженер-сапер бөлімшелері өз жұмыстарын аяқтамайынша, жергілікті тұрғындардың арсенал аумағына жақындауына тыйым салынғанын ескертеді", - делінген хабарламада.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2082
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3440