Алматы облысында кеше жер сілкінді
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысында кеше, сәрсенбі күні жер сілкінісі болды. ҚР Ұлттық ядролық орталығының арнайы сейсмикалық мәліметтерді жинау және өңдеу орталығынан хабарлағандай, жер сілкінісінің магнитудасы 3.0 балды шамалады.
«ҚР Ұлттық ядролық орталығының арнайы сейсмикалық мәліметтерді жинау және өңдеу орталығының жедел мәліметтері бойынша, 6 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 10.05-те Алматы облысының аумағында, Үшарал қаласының солтүстік-шығысына қарай 43 шақырым және Талдықорғанның оңтүстік-батысына қарай 103 шақырым жерде жер сілкінісі сезілді», - делінген хабарламада.
Жерасты дүмпуінің ошағы 13 шақырым тереңдікте болған. Қираулар мен құрбан болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.