Сенбі, 24 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2570 0 пікір 7 Шілде, 2011 сағат 08:56

Стингтің концертіне сатылған билеттер жеке құжат бойынша қайтарылады

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін «Стингтің симфониялық туры» деп аталатын әйгілі әнші Стингтің болмай қалған концертіне сатылып кеткен билеттерді қайтару жұмысы басталады.

Астана күніне орай жоспарланған Стингтің концерті Республикалық велотректе 6 шілде күні өтуі тиіс болған. Өкінішке орай, ұйымдастырушылық-техникалық себептерге байланысты әйгілі әнші Астанаға келмеді. Билеттерді тарату бөлімінің ақпараты бойынша Астана, Қарағанды және Алматы қалаларында 5 мыңға жуық билет сатылып кеткен. Бұл бар билеттердің 70 пайызы. Астана бойынша сатылған билеттердің саны 4,5 мыңның шамасында.

Бүгін Стингтің концертіне сатылып кеткен билеттердің ақшасын қайтару жұмысы басталады. Ұйымдастыру комитеті таратқан мәліметке сәйкес билетті қайтару кезінде азаматтардың жеке құжаттары болуы шарт. Мекен-жайлар: Астана («Жастар» сарайы, тел. 46-68-53, 55-75-75), Қарағанды ( «Қазақстан» бизнес орталығы, тел. 90-94-81), Алматы (Қазыбек би көшесі 50, 101 кеңсе, тел. 317-90-22).

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2856
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4592