Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 5821 30 пікір 11 Шілде, 2019 сағат 12:39

Қазақ жеңе ме, этнофашизм жеңе ме?

Биыл қазаққа қарсы бағытталған геноцидтік этнофашизмге 90 жыл толып отыр.

Енді осы этнофашизм деген не? Жұрттың бәрі оны Гитлермен байланыстырады. Шынында солай ма? Жоқ, әуелі Рим, кейін Византия мен Қытай, ең соңында эмиграциядағы Византияның діни-бизнес элитасының Османдарға кеткен кегін қайтару мақсатында құрылған Ресей империясы (татарлық Алтын Орда) өзі ресми тарих сахнасына келген күннен бастап, иезуиттердің зәлімдігімен біржола славянданып, өз ата-тегі саналатын түркі әлеміне нәсілшілдік бағыттағы этнофашизмдік жаһангерлік жасай бастады.

Бірақ бұл жеке бір ұлтқа емес, ежелгі сақ мәдениетінің мұрагерлері атанатын өңірлердің сан алуан түркі диалектісінде сөйлейтін әлі жеке этнос болып қалыптасып үлгермеген тұрғындарының тарихи жадысын өлтіріп, ассмилацияға ұшыратуға бағытталды. Ең әуелі осы бағытта – түркі текті орыс ұлты өмірге келді. Өйткені, біртұтас түркі субэтносының өмірге келгені әр дәуірдегі дәурені жүрген аталған империялар үшін өте қауіпті еді.

Нәтижесінде 80-нен аса ұлт пен ұлысқа бөлініп, бір-бірімен қырық пышақ болып қырқысып, тарыдай шашылған түркі әлемі жаһан картасында қалыптасты.

Ал, Алман жерінде Византиялық орыс тәжірибесін немістер І дүниежүзілік соғыстан жеңілген соң, реваншистікке, есе қайтару үшін өздеріне бейімдей білді. Ол енді жеке әңгіме.

Өз ұлттық сана-сезімі жоғары біртұтас этнос болып қалыптасқан екі түркі милеті қазақ пен татарға қарсы Сталин этнофашизмдік геноцидті коммунизмді бетперде етіп жүзеге асыра білді. Қызыл империя тарапынан КСРО-дағы Түркілерге қысым жасалып жатқан жоқ деп әлем жұртшылығының көзін алдау үшін қазақ-парсы шағатайында сөйлейтін ұлыстардың басы біріктіріліп – өзбек ұлты өмірге келіп, қазақтың қыпшақ диалектісінде сөйлейтін этникалық тобы «құрамалар» зорлықпен өзбектеніп, әр қазақтың бабасының басы қалған, атасының қаны тамған Тәшкент алаштан тартылып алынды. Жез Мұрт Қазаққа басшылық жасауға Қужақ Филипп Исаевич Голощёкинді жіберіп, ол 1929 жылдан бастап, әлі күнге дейін жүргізіліп келе жатқан этнофашизм дәуренін орнықтырды. Қужақтың салған дәстүрі елімізде әлі де жалғасуда. Орыстың шекпенінен шыққан жаңа билік Тәуелсіздік алған тұста әуелі бұны қазақтың өз жерінде санының аздығымен бүркемеледі. Ұлт саны өскен кезде РФ-мен қазаққа тиімсіз әскери одақтар мен саяси-экономикалық келісімшарттарға отыру және жалға әскери полигондарға жер беру үрдісін қалыптасырып, жаңа түлкібұлаңға басты. Қазаққа қарсы биліктің ұстанып отырған этнофашистік бағыттары туралы сөз етейік:

Ең біріншісі – орыс тілді «қазақстандық ұлтты» өмірге әкелу.

Екіншісі – елімізде бар-жоғы 4 ірі-ұсақ диаспора (орыс, ұйғыр, өзбек және тәжік)  бар екенін белден басып, «Қазақстан Халықтар Ассамблеясымен» бүркемелеген жалған көпұлтылық пен аяр толеранттық идеясының салтанат құруына қол жеткізді.

Үшіншісі – орыс тілінің пайдасына Колбин таңған «қостілділіктің» билік сатыларында берік орнығуы. Не мемқызметкерден, не бюджеттік салада істейтіндерден не түрлі деңгейдегі депутаттар корпусынан сөйлеуі талап етілмейтін мемлекеттік тілдің мүшкіл халі. Әр адам қай тілде сөйлесе өз еркі дейтін жалған демократиялық көлгісуді алға тартып, қазақ тілінде сөйлеуге мәжбүрлеу құралдары мен амалдарының билік тарапынан әскер, кеден, салық пен бизнес саласында мүлдем жасалмауы. Еңбек мигранттарына қазақ тілі мен дәстүрін әм тарихын оқытатын ақылы оқыту орталықтарының ашылмауы. Жарнама мен кино тілінің қазақ бір тілділігіне көшуінің қолға алынбай отырғандығы.

Төртіншісі – қазақ тілді саяси-діни партия мен ұлттық кәсіподақ құруға Заңмен салынған тыйым. Тек бірді-екілі қайраткері ғана қазақша сөйлейтін орыс тілді оппозиция құрып, қазаққа жат еуроқұндылықтарды ғана күйіттеуді тамаша жолға қоя білді.

Бесіншісі – ешбір елде жоқ үштұғырлы тіл. Әм теларналар мен БАҚ-та қазақ тілінде тек жеңілтек мелодарамлар көрсетіп, әншілердің жүріп тұрғаны мен өсекаяң дүниелерді таратып, қазақты рухани мәңгүрттендіріп, тек саясатқа басыбүтін жолатпаудың аяр амал-тәсілін өмірге әкеле алды.

Алтыншысы – қазақ тілді бизнес элитаның өмірге келуіне мүлдем мүмкіндік бермеу.

Міне, қазаққа жасалған, жасалынып келе жатқан этнофашизмге тоқтау қойылар кез жетті.

Түйін. Ел болып сақталу үшін Қызыл империядан мұраға қалған орыстандыру этнофашизмінің зардаптарын жоюға күш біріктіруіміз керек. Ұрпағымыз қазақ болып қалсын десек, «Отарсыздану процесін жүргізуді» билікке төтесіне қоюымыз қажет. Қазақ тілді бизнес жобаларға қолдау көрсетіліп, еліміздің Оңтүстігі мен Батысында және басқа өңірлердің қазақ тілді аумақтарында тұратын кәсіпкерлерден «Ұлттық бизнес элита құруды» биліктен талап ететін кез келді.  Қазақ ақшасын жалған қанатқақты жобаларға босқа шашуды билік доғарып, ұлт алдында есеп беруін алаш баласы демократиялық үрдіспен бақылай білуге талпыныс жасауын уақыт бізден талап етеді. Өйткені, біз елдің де, жердің де иесіміз. Ел мен жер иесі өз жеріндегі азшылықтағы тарихи-этно келімсектерге билеп-төсетпейді, өзгенің тілінде ешкімді сайратпайды.

Енді рухани-саяси есін жиған қазақ жеңе ме, тарихи аярлықпен орныққан этнофашизм жеңе ме, оны өмір көрсетеді.

Әбіл-Серік Әліәкбар

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5342