Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2646 0 пікір 7 Шілде, 2011 сағат 09:00

Қазақстанда жетім балалар үйлері болмауы керек - «Қуан, сәби» акциясының ұраны

ШЫМКЕНТ.  7 шілде.  ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -  Оңтүстік Қазақстан облысындағы  «Самал»    балалар  сауықтыру лагерінде  «Қуан, сәби!»  акциясы өтті.   Бұл   шараға  облыстағы алты балалар үйінің  тәрбиеленушілері мен     бала асырап алғысы келетін   отбасылар   қатысты.

«Біз мұндай  шараны  осымен  үшінші  жыл қатарынан  өткізіп  отырмыз  және нәтижелер   жаман  емес.     Өткен  жылғы акцияның  қорытындысы  бойынша  14 бала    патронаттық   тәрбиеге берілді», -   дейді    Оңтүстік Қазақстан  облысының   Балалар  құқықтарын   қорғау  департаментінің  өкілі  Әлия Биболова.

Департаменттің ақпараты  бойынша,  облыстағы   6 балалар үйінде   509 бала тәрбиеленуде.  Оған  қоса,  2 352  бала   туған-туыстарының   қамқорында болса, тағы 455 бала - патронаттық тәрбиеде.

«Бұл  акцияның мақсаты - ата-аналар мен балаларға  бейресми жағдайда  танысуға,  сөйлесуге,  ортақ пікірлес болуға мүмкіндік беру»,  дейді   тәжірибелі педагог   Екатерина Жукова.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456