Сенбі, 23 Қараша 2024
3086 0 пікір 17 Шілде, 2019 сағат 11:12

Қызылордада су шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті

Қызылорда облысында биыл тұңғыш рет Үкіметтің қаулысына сәйкес ресми түрде белгіленген су шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтілді,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аймақтың су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дер кезінде қабылдаған шешімінің арқасында, Кіші Арал теңізін сақтап қалдық. Бүгінде күн көрісі ауыл шаруашылығы өндірісіне, яғни суармалы суға тікелей байланысты ауылдағы ағайынның арман-тілегін орындау мақсатында су тапшылығының алдын алу үшін облыста бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, облыста 3 млрд. текше метр тасқын су жинайтын 6 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Соңғы 4 жылда ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп, 60 су ұңғымасы іске қосылды. Облыс орталығы – Қызылорда қаласы 2015 жылдан бастап толығымен жерасты су қорын пайдалануға көшті ,- деді ол.

Айта кететін жайт, биылғы жылдың мамыр айында қабылданған Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарында экология және табиғатты пайдалану саласы, оның ішінде су шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар жобаларды іске асыру қарастырылған. Оның ішінде Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің арнасын қалпына келтіру сынды айтулы жобалар да бар.

Сондай-ақ, Кешенді жоспар шеңберінде "Қүміскеткен" және "Қараөзек" су қоймалары салынады. Аталған суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға және суармалы су қорының 20 пайызын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Былтырғы жылы елдімекендерді сумен қамтамасыз ету және көлдерді суландыру үшін облыстық бюджеттен 426,8 млн теңге бөлініп, 6 канал (Арал ауданы Ақирек ауылындағы "Басықара" каналы, Бөген ауылындағы "Балғабай", "Бекетай", "Стан"каналдары, Райым ауылдық округіндегі "Бесжарма", Қармақшы ауданындағы "Балажарма" каналы) тазартылып, (Қызылорда қаласының Бірқазан мен Талсуат ауылдық округтері, Жаңақорған ауданы Кейден ауылдық округіне) 3 сорғы құрылғыларымен қамтамасыз етілген болатын. Соның арқасында ауылдарды суармалы сумен қамтамуға, 180 га көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге, Арал ауданының Тұщы-1, Тұщы-2, Қаракөл көлдерін суландыруға мүмкіндік туды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Мемлекет басшысының суармалы жерлерді айналымға енгізу және қалпына келтіру туралы тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысында жалпы құны 164,2 млрд теңге тұратын 3 жобаны іске асыру бойынша 158 мың га суармалы жерді қалпына келтіру, 29 мың га пайдаланылмайтын жерді айналымға енгізу жұмыстары қарқынды жүруде. .

Салтанатты шарада аталған саланың ардагерлері мен су шаруашылығы қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, ҚР экология, геология

және табиғи ресурстар Министрлігінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақ ССР Мелиорация және су шаруашылығы экс-министрі Нариман Қыпшақбаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522