Жұма, 2 Қазан 2026
Жаңалықтар 3055 0 пікір 9 Шілде, 2011 сағат 07:56

Арқалық әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

ҚОСТАНАЙ. 9 шілде. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Арқалықта бұрынғы қала әкімінің орынбасары Роза Жақыповаға қатысты сот өкімі шығарылды.

Оған билігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр, алайда сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, іс материалдары бойынша Р.Жақыпова «Арқалық жылуэнергия компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының кассасынан 5 млн. теңге алған. Ол ақшаны қалада изоляциялық материалдар шығаратын зауыт салуға уәде берген жеке фирмаға береді. Олар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қызметін тексеру барысында ақша жетіспеушілігі анықталғаннан кейін ғана қарызды қайтарған.

Р.Жақыпованы бір жылға шартты түрде соттау шешімі шығарылып отыр. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте 3 жылға дейін жұмыс істемейтін болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 385
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 398
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 617