Жұма, 23 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2273 0 пікір 9 Шілде, 2011 сағат 07:57

Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта өткізілген ауыл шаруашылығы өніміне баға 11,3 пайызға өсті

АСТАНА.  9 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта өткізілген ауыл шаруашылығы өніміне баға 11,3 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінен.

Ведомствоның атап өтуінше, 2011 жылғы маусымда өткен 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 14,5, мал шаруашылығы өнімі  6,7 пайызға қымбаттады.

Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда баға бидайға 16,4, арпаға - 13,8, сұлыға - 12,8, қарақұмыққа - 6, жүгеріге - 5, қара бидайға - 4,5, күрішке 3,2 пайызға өсті.

Сонымен қатар қырыққабат 27,3, картоп - 18,2, асханалық қызылша - 18, басты пияз - 16,2, сәбіз 11,3 пайызға қымбаттады. Баға өсімі күнбағыс тұқымына 11,4, бұршаққа 5 пайызды құрады.

Баға қой етіне 16, ірі қара мал етіне - 15,2, жылқы етіне - 8,4, құс етіне - 3,7, шошқа етіне 2,3 пайызға артты. Ал шикі сүт 8,9, жүн - 5,5, бал 5,1 пайызға қымбаттаса, жұмыртқа 18,8 пайызға арзандады.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2827
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4562