Сенбі, 23 Қараша 2024
3682 0 пікір 18 Шілде, 2019 сағат 11:51

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жарық көрген 41 кітаптың тұсаукесері өтті

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында "100 томдық Жетісу кітапханасы" жобасы бойынша жарық көрген ұзын-ырғасы 41 кітаптың таныстырылымы өтті. 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылды - Жастар жылы деп жариялаған еді. Ал биыл қаңтарда Елбасы Жастар жылының ашылу салтанатықа қатысқан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та өз кезегінде шығармашыл дарынды жастарды қолдау керектігін айтқан еді.

Осыған орай Алматы облысы әкімдігі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыстағы 20 қаламгердің жинақтарын шығарып берген еді.

Бұдан бөлек тағы 21 қаламгердің жинағы  "100 томдық Жетісу кітапханасы" жобасы аясында баспа көріпті.

Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында облыс әкімдігінің қолдауымен жарық көрген 41 кітаптың тұсаукесері өтті. 

Тұсаукесер рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев, ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, осы одақтың облыстық филиалының басшысы Ерлан Жүніс және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аталмыш игі шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапхана ұйымдастырған.

Ақан Жылқышыбайұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

- Бүгінгі оқырманға  жол тартып отырған жаңа басылымдардың барлығы облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен жарық көрді. Соның  тең жарымы ертеңінен үлкен үміт күттіріп отырған  жастардікі. Олардың арасында аймағымыздың мақтанышына айналған өткір ой, шұрайлы тілімен бүкіл елімізге танымал бола бастаған небір үздіктер бар. Сондықтан жалпы қаламгерлердің қаламына қарым, өздеріне ерекше дарын тілейміз.

Осыдан соң  Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан жалпы кітап авторларын көңіл қуанышымен құттықтап, ұлтымыздың әдебиетімен мәдениетінің өркендеуіне үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан өңір басшысына айрықша алғысын жеткізді.

Ерлан Жүніс, Қазақстан Жазушылар Одағы Алматы облыстық филиалының басшысы:

- Жыл сайын Алматы облысы әкімінің қолдауымен аймағымыздағы ақын-жазушылардың көптеген кітаптары жарық көреді. Мәселен, өткен жылы 37 кітап жарық көрсе, биылғы жылдың алғашқы жартысында мінекей 41 кітап баспадан шықты.  Бұл кітаптардың  20-сы биылғы «Жастар жылы» аясында, жас қаламгерлерді қолдау негізінде арнайы басылып шыққан олардың алғашқы кітаптары. Осы кітаптар жастардың алғашқы шығармашылық өміріндегі алтын қазығы, тіпті, Жетісудың, қазақ әдебиетінің өміріндегі үлкен бір тарихи сәттердің бірі болды деп санаймын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5484