Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4353 4 пікір 18 Шілде, 2019 сағат 12:21

Шенеуніктер Махамбеттің өлеңдерін оқудан да эстафета жасаса...

Абайдың өлеңдерін оқыған жақсы ғой. Бірақ Махамбет өлеңдерін оқудан эстафета жасаса, әр шенеунік өзіне ұнағанын оқыса, мұнан қызықтырақ болар еді, иә?

Мәселен, Тоқаев Махамбеттің мына өлеңін оқыса:

Боз орданы тіктім деп,
Боз ағашты жықтым деп,
Ханым, ханым дегенге
Көтере берме бұтыңды,
Көптіре берме ұртыңды.
Күндердің күні болғанда,
Өзіңнен мықты жолықса,
Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді.

Иманғали Тасмағамбетов:

Аспанда ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған -
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған -
Хан Жәңгірдің екпіні,-деп тұрса,

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев:

Атқан оғы жоғалмай,
Қасарысқан жауына
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?- десе.

Кәрім Мәсімов:

Күмісті мылтық қолға алып,
Көлден қуларды ұшырдым.
Қолымдағы құсымды
Қапылыңмен ұшырдым.
Алтыннан әйбәт тор жасап,
Ақырда қолға түсірдім.

Нұрлан Нығматуллин:

Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім, -
Жандаспай ақыры бір тынбан

ПӘ жетекшісі Қырымбек Көшербаев:

Қоғалы көлдер, құм, сулар
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал
Кімдерге сайғақ болмаған?-десе...

Махамбеттің өлеңі аз. Сондықтан шенеуніктердің біріне мына өлеңді де оқуға тура келер еді:

Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!

Асылхан Мамашұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485